Амантай Таңнұр

Адам өміріндегі ешбір байлықтың құнына тең келмейтін асыл қазына - денсаулық. Деннің саулығы, жанның тазалығы ұзақ өмірмен жарқын күндердің себепшісі болып табылады. Шыны керек денсаулықтың қаншалықты өз организмімізге қажет екенін біздің ата - бабаларымыз ежелден-ақ түсінген және қадіріне жете білген. Сол себепті «Басты байлық- денсаулық» деп, бекер айтып кетпеген болар. Бұл тұрғыда біз ең бірінші дені сау адам қандай болу керек, жалпы қазіргі күні денсаулықтың қадірін жіті түсініп жүрмізба? Дені сау ұрпақтың келбеті қандай? Осы сұрақтардың жауабын бірге білсек

Дені сау адам, ол, ең бірінші ішкі жан дүниесі таза, көрсеқызарлық, көреалмаушылық, қызғаншақтық сияқты артық ойлардан аулақ болу керек. Себебі, адам ең бірінші ішкі жан дүниесімен өз келбетін қалыптастырады. Сіз қаншалықты спортпен айналыссаңызда ішкі ой- сана, сезіміңіздің жағымсыз тұстарының кесірінен өмірдің қарасын ғана көре аласыз. Сондықтан мейлінші жаман ойлардан аулақ болуымыз шарт.

Екіншіден, ол әрине спортпен шұғылдану, темекі тартпау, алкагольдік сусындардан аулақ болу. Себебі, тұрақты түрде спортпен айналысатын адамның жүрек соғысы жиілейді, бұлшық еттері қатаяды, қан айналымын жақсартады.

Үшіншіден, гигеналық тазалықты сақтау, пайдаланатын жеке заттарымыздың болуы тағы басқа сияқты. Міне, осы қарапайым ғана құндылықтар біздің саулығымыздың кепілі болып табылады.

Қазақ қашанда даналығымен дараланған текті халық. Себебі «қолда барда алтының қадірі жоқ» деп турасын айтып кеткен. Шыны керек, біз көбінесе өз денсаулығымыздың қадірін жіті түсіне бермейміз. Таза табиғи өнімдердің орнына химиялық қоспасы жоғары өнімдерге әуес боламыз. Күні-түні экраннан көз алмаймыз, тыныс жолдарымызға таза ауаның исі де бармайды. Ал тура жанымызды көзімізге көрсетер сәтте қиналамыз, өкінеміз және сол уақытта ғана дәрігерге барып көрінеміз. Ал алдын ала тексерілу, емделу деген дүниелер өкінішке орай әлі қалыптаспаған. Сол себепті денсаулықтың қадірін кеш түсінеміз. Ал ол сәтте мүлдем кешігіп қалатынымыз рас.

"Балам аман болса екен" деп, шыбын жаны шығардай болып жүретін ұлттың  бірі - қазақ. Себебі, перзент ол ұрпақтар сабақтастығы, ізінен ерген мұрасы, тұқымының жалғасы. Қазаққа "тұқымың құрысын" дегеннен артық ауыр сөз, үлкен қарғыс жоқ. Бала саулығы біз үшін басты орында. Дегенмен соңғы кездері біз ұрпақ саулығын уысымыздан шығарып бара жатқандаймыз.

Керсінше баланың қажеттілігін өтеуге көп күш-жігерімізді салып жатырмыз. Қазіргі күні баланың қимыл- қозғалысы, қоршаған ортамен қарым- қатынасы  сиреп бара жатқандай. Шыны керек қазір біздің ұрпағымыз техниканың шырмауына шырмалып, инертенттің бұғауына байланып қалған. Бала үйдегі төрт қабырғаның бұрышында балалық шағын өткізіп жатыр. Ал тұтынатын өнімдерінің көп мөлшері химиялық қоспалар қосылған. Сол себепті қазіргі күнгі балалардың көпшілігі әлжуаз, әлсіз болып келеді. Айран сүттің кесесін төңкеріп тастайтын баламен, дүкен өнімдерін тұтынатын баланың денсаулықтарында біраз айырмашылық бар.

Осы тұрғыда елінің болашағын ойлап өткен тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев салауатты өмір салтын сақтауды қолға алуға тапсырма бергенін еске ұстаған жөн. Ол бір сөзінде: «Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту-  еліміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі», - деп ұлт саулығын сөз еткен болатын. Осы сәттен бастап еліміздің түкпір- түкпірінен спорт кешендері, спорттық білім беретін оқу орындар салынып, мектеп бағдарламасындағы дене шынықтыру сабақтарының саны артты. Бұдан бөлек спорттың небір салаларынан ауылдық, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық, әлемдік жарыстар ұйымдастырылып, арнайы марапаттар тарту етілді. Ең бастысы ұлттық спортымыз жанданып, тұлпар тізгіндеген жастарымыздың қатары көбейді.

Ел мақтанар спортшыларымыздың атағы әлемге жайылды. Енді Азияның кіндігінде Қазақстан деген ел бар екенін, негізгі ұлты қазақ екенін бүкіл әлем білетін болды. Нью- Йорк, Париж, Токио сияқты алдыңғы қатарлы қалалардың көпшілігінде қазақтың көк туы көкке көтерілді, әнұраны әуеленді.

Тағы бір айта кететін жәйт, қазіргі күні еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін салауатты өмір салтын насихаттауға байланысты өткен түрлі спартакияларда төбе көрсетіп келеді. Ал көпшілік қауым таза ауада серуендейді, жүгіреді, жаяу жүреді, тіпті дұрыс тамақтану жүйесінде қолданады. Себебі, сол үгіт- насихаттың арқасында біз денсаулықтың қымбат екенін, ұлт болашағының зор екенін, спорт- саулық кепілі екенін, ұзақ өмірдің себепшісі екенін, жалпы алғанда бізге керек екенін түсіндік. Осы тұрғыда қазіргі таңда ата- аналарымыз өз балаларын бокс, футбол, волейбол, күрес, жүзу, жеңіл атлетика сияқты көптеген спорттық үйірмелерге береді. Себебі, бір жағынан бала өз уақытын тиімді пайдаланады, ал екінші жағынан денсаулығы мықты ұрпақ болып өседі.  Ең басты қуантарлық жәйт осы. Себебі, баланың болашағын ойлайтын ата- ана болғандықтан баланы қандай үйірмеге беру керек, қоғамдық ортадағы рөлі қандай болу керек бәрін-бәрін ата- ана шешетіндіктен, салауатты өмір салты туралы түсінігінің болуы, соған өз балаларын бейімдеуі үлкен қуаныш. Бұл дегеніміз алға қойған мақсаттың орындалғанын, мемлекеттік жоспардың жүзеге асқанын білдіреді. Ендігі міндет осы қарқынмен ары қарай жалғастыру, ары қарай жүзеге асыру, дені сау ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру, осы жүйенің түп негізін жойып алмауға жол бермеу болып табылады.

Қазақ елінің көк туын әлемдік аренада көкке желбірететін жарыстардың бірі де бірегейі олимпияда ойындары. Қазіргі таңда бұл салада біз ауыз толтырып айта алатындай үлкен жетістіктеріміз бар. Мысалы, 2012 жылғы Лондонда өткен кезекті Олимпиадада қазақ спортшылары сәтті өнер көрсетті деуге болады. Лондонда Қазақстан 7 алтын 1 күміс, 5 қола медаль алып, медаль саны бойынша жалпы есепте 204 ел арасында 12-ші орынды иеленсе, Рио олимпиядасына 104 спортшы қатысып 3 алтын, 5 күміс, 9 қоланы қанжығаға байлады. Өздеріңіз білетіндей бұл олимпияда батыс пен шығыстың басқада материктердің, аралдардың спортшылары келіп бақ сынайтын халықаралық деңгейдегі  жарыс болған соң мыңнан оза шабу әркімге бұйыра бермейтін бақ болып табылады. Бірақ, бағымызға орай қазақ елі жүлдеден қағылмады, кем қалмады. Ал бұл біз үшін мақтаныш екені даусыз.

Бұдан бөлек елімізде қыс мезгілінде қысқы азияда ойындары өткізіліп келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының деректеріне сүйенсек соңғы рет 2011жылы  Астана мен Алматы қалаларында өткізіліп, 45 әлемдік ұйымдарға мүше елдердің 27-сі төбе көрсеткен екен. Жалпы дәл осы тұста байқағандарыңыздай спорт саласын қолға алып дамытып жатқан әлемдегі жалғыз мемлекет біз емеспіз. Әлемнің қай мемлекетін алып қарасаңызда спорт пен мәдениет саласы қатар жүреді. Бұл тұрғыда біздің мемлекетіміз ел намысын әлемдік деңгейде қорғап жүрген спортшыларымызды марапатсыз қалдырмақ емес. Әрбір спортшының жеке басына баспана беріп, мемлекеттік билік органдарында жұмыс жасауларына жағдай туғызып отыр. Бұл әрине ел мақтанарлықтай дүние. Ендігі кезекте, Спорт дегеніміз не? Салауатты өмір салтын сақтау міндетпа? Ұлт болашағы ұлы мәселе? атты сұрақтардың шешімін тауып көрейік.

Спорт. Ол ең бірінші көк туыңды әлемдік деңгейде көкке көтеретін үлкен сала болып табылады. Екіншіден, спорт саласының дамуына негіз болған мемлекетіміздегі әрбір тұрғын салауатты өмір салтын сақтауға міндетті. Үшінші, салауатты өмір салтын сақтаған әрбір тұрғынның өзі дүниеге әкелуіне себепші болған  болашағымыздың  денсаулығын сақтау, жақсарту әрбір қауымға міндет. Шыны керек қазіргі күні ұлт саулығы ұлт болашағы ұлы мәселе. Сол себепті  балаларға арналған спорттық ұйымдар көптеп ашылуда. Ең бастысы көпшілікке айтар сөз дені сау ұрпақты бірге қалыптастырайық, кез келген баланың саулығы ең маңызды дүние.

Ұрпақ- болашағымыздың айнасы. Біз сол айна арқылы ғана алдағы заманның басты тұстарын көре аламыз. Ұрпақ - мемлекеттің біте қайнасқан бөлігі. Себебі, сол мемлекеттің дамуына ат салысатын өз ұрпақтарымыз. Ұрпақ - бабалар сабақтастығы. Сенің ата - бабаңнан қалған асыл тегіңнің үзілмес үміті. Ұрпақ - ұлт келешегі. Міне осыдан- ақ ұлт саулығының еліміз үшін қаншалықты қажет екенін білуге болады. Олай болса, салауатты өмір салты арқылы ұлт болашағын бірге қалыптастырайық. Сонда ғана ұлылығымыздың ұлы тұсы анықталады.

Салауатты өмір салтын сақтаудағы басты мәселе, дұрыс тамақтану болып табылады. Бұл сала бойынша елімізде әлі күнге дейін белгілі бір жүйе келтірілмеген, алға қойылмаған. Соның себебінен әртүрлі асқазан ауруларына тап боламыз. Ішкі мүшелеріміздің зат алмасу жүйелері жүрмей, түрлі ауруларға себепші боламыз.

Бұл тұрғыда елімізде көптеген диотолог мамандар жұмыс жасағанымен біздің мемлекетіміз әлі дүрыс тамақтану жүйесін қолға алуға, іске асыруа дайын емес. Сол себепті шешімі табылмас мәселелердің бірі болып отыр. Бұл тұрғыда ең бірінші жарнама, насихат жетіспейді деген қорытындыға келеміз. Шыны керек дұрыс тамақтану туралы белгілі бір орындардағы арнайы тақтайшаларда жызылуы мүмкін. Ал шындыққа тура қарар болсақ, қазіргі күні ол жазуларды, құлаққағыстарды, кеңестерді ешкім оқымайды, арнайы уақыттарын бөлмейді. Сол себепті дұрыс тамақтану жобасына аса мән беріп, мейлінше ашық, мағыналы үгіт- насихат жүргізген жөн. Сонда ғана Қазақ елінің әрбір тұрғыны салаутты өмір салтын сақтап, дұрыс тамақтану жүйесін тұрақты ас мәзірлеріне айналдыратын дені сау ұлт болып қалыптасады.

Бұл әрине болашақтың еншісінде. Елу жылда ел жаңа демекші, мүмкін алдағы уақыттарда бұл жүйеніңде қарқыны өсер. Сөз соңында айтарым, денсаулық ең бірінші жеке өз басымызға қажет. Біздің ұзақ өмір сүруіміздің түп негізі, тамыры десекте болады. Сол себепті ден сау азамат болып, дені сау ұрпақты дүниеге әкеліп қазақ елінің тектілгін жоғалтпайық.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated