Салауатты өмір салтын ұстану - өмірге деген құлшыныс пен мақсатшылдықтың айрықша белгісі. Жетістікке жетем десеңіз де, денім сау болсын десеңіз де, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Салауатты өмір салтына - спорт, дұрыс тамақтану әдебі, ұйқы реттілігі және таза тұрып, таза киіну жатады. Өміріңіз бен сана-сезіміңізге "салауатты өмір" деген терминді енгізіп, оны өмірлік ұстанымыңызға айналдыруыңыз керек. Бұл сізге міндет болып есептелінбесе де, өміріңізге аса қажетті дәрумендердің бірі. Себебі, бұл дәрумендердің құрамында: мықты денсаулық, ретке келтірілген организм және интеллиектуалды ми деген дәрумендер де бар. Бұл дәрумендерсіз адам өз құндылығын жоғалтады. Құндылық жоғалған жерде, адами факторлар да ескерілмейді, һәм "мақсатсыздық" деген ұғым бойымызға тарап, миымызға автоматты түрде еңгізіліп, өмірімізге тансық нәрсе болып қалыптасады.

Сіз білесіз бе? Адам организмінде 2 кг тарта, ауыз қуысында 40000ға жуық бактериялар бар. Бактериялар қарапайым есік тұтқалары мен күнделікті қолданатын гаджеттерден емін еркен жұға береді. Егер, ештеңе істемеуге бекінген болсаңыз, адам терісінде 2,5 миллионға жуық бактериялар бар. Олар тәулігіне 0.5 литр тер бөліп шығарады. Жалпақ тілмен атағанда, адамның үстінен тердің иісі шығып тұрады.

Бактериялар жайлы жеткілікті ақпарат алдыңыз деп ойлаймын. Ендігі, дұрыс тамақтану әдебі жайлы қозғамақ ойым бар. Адам өмірінде үлкен рөл атқаратын, денсаулыққа бетене атсалысатын әрекет- тамақтану әдебі. Не жесең сол боласың деген нақыл сөз бар. Бұл қатарға тек күнделікті жейтін тамағыңыз ғана жатпайды. Бұл тізбекте ішетін судың мөлшері, газды сусындарымыз да жатады. Орташа есеппен, адам күніне 1,5-2 литр су ішуі тиіс. Себебі, адам организмі осынша суды талап етеді. Ал, газды сусындардың зиянын айтып кетейік. Статистика бойынша, жылы 180000 адам газды сусындардың кесірінен көз жұмады.

1) Мысалы, кока-коланы алайық. Жарты литр Кока-коланың құрамында 10 қасық қант болады. Ал, бұл- 24 сағаттық доза, 50 гр қант, 100 милиграм газ, 42 калория болып саналады. Зерттеу бойынша, адам бұндай дозада құсуы керек. Тәулігінде адам ең көбі 6 шай қасық қант тұтынуы керек. Ал, бір стақан, яғни, 200 гр Кола құрамында 3,5-4 қасық қант болады. Бір порция Колада 50 милиграм кофеин бар. Коланы көп мөлшерде тұтынған жағдайда, адам организміне көп дозада кофеин бөлініп шығады. Ондай жағдайда кальцийге зиян келеді, яғни, сүйек зақымданады. 10 бөтелкеден артық кока-кола ішу артық салмаққа әкеліп соғады. Кока-Коланы үздіксіз тұтынған жағдайда, бүйрек пен бауырда тастар пайда болады. Бұл тастар сізге аса зиян болғаны соншалық, сіз бұндай аурумен өліп кетуіңіз бек мүмкін.

Әңгімемді тек қана Кока-Коланың зиянымен аяқтағым келмейді. Себебі, барлық газды сусындар өте зиян. Газдалған сусындар тіс түсінің қараюы мен кариес түсуіне жол береді. Сусын құрамындағы қышқылды элементтер тіс эмалін әлсіретеді. Сондай-ақ, тіс ауруларының тууына әсер етеді.

Сүйектер

Газдалған сусын құрамында лимон (Е330), алма т.б жеміс-жидектердің қышқылы мен ортофосфор қышқылы (Е338) кездеседі. Бұл элементтер сүйектегі кальций мөлшерін азайтады. Сол себептен сүйек әлсіреп, сынғыш келеді.

Асқазан мен ішек құрылысы

Кез келген газдалған сусын құрамында көмірқышқылы газ кездеседі. Ол сусынның ұзақ сақталуына ықпал етеді. Мұндай сусындар асқазан секрециясының қабынуына, ішек сөлінің пайда болуына, созылып, ішек ауруларының пайда болуына әсер етеді. Гастрит, ішек жарасы және т.б. асқазан ауруына шалдыққан жандар газдалған сусын орнына газдалмаған минералды су, көк шәй ішкен жөн.

АҚШ-тағы BWH ауруханасы және Brown университетінің ғалымдары тарапынан 2 149 адам қатысқан зерттеулерден мынадай қорытынды шығарылды:

> Газды сусындарға қосылатын бензоат натрия өнімнің жарамдылық мерзімін ұзартатын химиялық тұз болып табылады. Бұл элемент екзема, астма және өзге де тері ауруларына себеп болуы мүмкін.

> Газды сусындардағы қышқылдар мен шекерлер тіс эмалін кетіреді, тіс және тіс абсцесіне жол ашады.

> Газды сусындарға жоғары мөлшерде жүгерінің фруктозалы шырыны қосылады. Бұл зат жүрек және қант диабеті ауруларына себеп болатын зат алмасу процесінің нашарлау қауіпін арттырады.

> Ұзақ (тұрақты) тұтынылған жағдайда бүйректегі тасқа және басқа да бүйрек ауруларына жол ашатын жоғары мөлшерде фосфор қышқылы қосылады.

> Газды сусындардың ыдыстарында, пластикалық бөтелкелерде едәуір мөлшерде ВРА элементтерінен құралған қатерлі ісік тудыратын қабат түзіледі.

> Газды сусындарды ішкеннен 20 минуттан кейін қанның құрамындағы шекер мөлшері артады. Соған байланысты шекер мөлшерін төмендету мақсатында ағзамыз өзінен инсулин шығара бастайды. Бауыр бұл шекерді жылдам түрде майға айналдырады.

> Әрбір газды сусын семіру қауіпін 1,6 есе арттырады.

> Жүрек-қан тамырлары ауруларының 70 пайызы семіздікке байланысты.

> Қант диабетіне шалдығу қауіпі 80 пайызға көп.

> Газды сусындардың құрамында фосфор қышқылы мен жоғары мөлшерде фосфат бар. Зәр жолымен сыртқа шығатын фосфор, өзімен бірге ағзаға қажетті кальций элементтерін алып кетеді.

> Газды сусындар ұзақ (тұрақты) тұтынылған жағдайда остеопороз қауіпін арттырып, сүйектің сынуына жол ашады.

> Жыныстық тұрғыда уақытынан ерте жетілуге және жыныс мүшелері ауруларына жол ашады.

2) Ендігі кезекте, Фаст-фуд, яғни, жедел тағамдар жайлы айтып кетейін. Өте танымал, әрі көзге анық көрінетін, сүйікті Фаст-фуд мейрамханалар бар. Соның бірі- McDonalds, KFC.

Ал, бұл қаншалықты зиян? Бүгінгі жаһандану кезеңінде адамдардың ас ішуі де сан алуан өзгерістерге түсті. Солардың ішінде фаст­фуд (ағышын. fast «жылдам» және food «тамақ») тағамдарын тұтыну кең етек алды. Алайда, мамандар асығыс жасалатын астың зиянды жақтары көп екендігін алға тартады.

Жалпы, тез даярланатын тағам түрлері әлемнің көптеген елдерінінің қолданысына енген. Мәселен, алғаш рет, 1921 жылы АҚШ-тың Казнас штатында ашылған White Castle фастфуд компаниясы гамбургерлер әзірлеп, тұтынушыларына ұсынған. Сол тұста компания иесі Билли Инграм мынадай қулыққа барған. Ол ақ халат киген өз адамдарын мекемесінің тұрақты клиенті етіп көрсеткен. Яғни келушілер «мұнда тіпті дәрігерлердің өздері үнемі тамақтанады» деген ойда болған. Осылайша фастфудтың қауіпсіздігіне күмән келтірмеген. Ал 1940 жылы аталмыш компанияға McDonald’s атты ірі мейрамханалар желісі бәсекелес атанды. 1956 жылы McDonald’s-тың АҚШ-та 14 мейрамханасы болса, 1990 жылы 11800-ге жетті. Ал қазіргі таңда корпорацияның 119 елде 30 мыңнан астам мекемесі бар.

Бір жағынан, фаст-фуд тағамдары қоғамдық және жеке көлікте болсын, көшеде, жұмыс орнында болсын жеуге ыңғайлы болғасын, адамдар жиі тұтынатыны анық. Дегенмен, оның денсаулыққа кереғар әсерлерінің бар екендігіне бас қатыра бермейтініміз өкінішті. Әсіресе, студент-жастар мен балалардың үнемі жейтіндігі диетолог-мамандарды алаңдатуда.

  • Біріншіден, организмде калория мүлде көп болады. Бұл- семіздік салдарына әкеліп соғады.
  • Екіншіден, транс-майлар(өлтіруші майлар) көп болғандықтан, олар адамды қатерлі ісік, Альцгеймер ауруларына шалдықтырады.
  • Үшіншіден, жана айтып кеткендей, жедел тағамда Натрий, яғни, тұз үлкен дозада көп болады. Натрий көп болса, қан тамырларына зиянын тигізеді.
  • Төртіншіден, Фаст-Фудта табиғи және пайдалы компоненттер өте аз. Сондықтан, оны жиі жейтін адамдарда витамин жетіспеушілігі болады.

3) Кезекті өзекті тақырып- темекі зардабы. Жылына темекі тартушылықтың салдарынан болатын түрлі аурулардан жер шарында 5 миллион адам қайтыс болады екен. Оның 600мыңы балалар мен жасөспірімдер. Шынына келсек, темекі жаппай жою қаруына айналып келеді. Оның келтірген нұқсаны ядролық, химиялық және биологиялық қаруларды бірге алғандағы келген зардаптан асып түседі. Кейінгі жылдары темекі тартушылардың қатары қыз-келіншектермен толыға түсіпті. Бүгінде Қазақстандағы қыз- келіншектердің 9,8 пайызы нағыз темекі тартқыштар саналса, 12 жастан асқан балаларымыздың 7,5 пайызы темекіге әуестік дертіне ұшыраған. Қыз-келіңшектердің арасындағы темекі тартушылық 18-25 жас аралығындағылар арасында өршіп тұрған жайы бар

«Темекі шегу-адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық» деген болатын орыстың ұлы белгілі фармакологы И.М.Догель. Өйткені адам баласында темекіге қажеттілік жоқ. Адамның шеккен алғашқы сигареті оның басын айналдырып, жөтелдіріп, жүрегін айнытып, басын ауыртып, көптеген жағымсыз әсерлер беретіні белгілі. Байқасаңыз адам табиғатының өзі оны сақтандырып тұрған тәрізді. Әйтсе де, жас адамның ересек көріну, қатарынан қалмау, кәнігі шылымқор болып көрінгісі келуі сияқты орынсыз тілектері оны шылымды үсті-үстіне шегуге итермелейді. Адам темекіге деген ағзасының табиғи жиіркенішті реакциясын жеңіп, ағзасын темекі түтініне үйретеді. Нәтижесінде темекінің улы әсері бірте-бірте әлсіреп, оның орнын қысқа мерзімді эйфория (жағымды әсер) басады. Еуропаға темекіні Колумбтың матростары әкелгені тарихтан белгілі. 1992жылы еуропалықтар осы қайғылы датаның 500жылдығын атап өтті. Ал Африка мен Американың халқы оның дәмін бірнеше ғасыр бұрын татқан болатын. Темекінің Еуропада кеңінен таралуына француз ғалымы Жан Нико да себепкер болды. Ол теңізшілер әкелген темекі өсіріп, өзінің атымен аталған «барлық ауруларға қарсы ем» — никотинді тапты. Алдымен темекі өсімдігінің сабақтарын кептіріп, ұнтақтап, оны иіскеу сәнге айналған еді. Кейіннен оны тұтатып шегу бұл «дәстүрді» ығыстырып шығарды. Бірте-бірте түрлі сигаралар, темекі трубкалары, папиростар  мен сигареттер пайда болды. Бұл әдетте адамзат тарихындағы қасіретті қадам еді. Өйткені темекі шегу кезінде ауа оның жанып жатқан бөлігінен өтіп 300 градусқа дейін қызады. Табақ ыстықпен құрғақтай өңделіп, оның құрамынан бөлініп шыққан аммиак, көміртегі тотығы, шайыр, канцерогенді көміртегілер, радиоактивті изотоптар мен түрлі улы заттар түтінге қосылады. Сонымен бірге түтін өкпенің жалпы көлемі 100 шаршы метр болатын альвеолаларын тұтастай толтырады. Өкпе эпителийінің мұндай үлкен көлемімен жанасқан түтіндегі улы заттардың бөлшектері толығымен өкпе ткандеріне, қанға өтеді. Демек, темекі шегу – табактың компоненттерінің тыныс жолдарымен өте тығыз және толық жанасуы және зиянды әсер етуі болып табылады. Темекі түтіні-темекінің жануынан пайда болған өнімдер, олар ауада қалықтаған өте майда құрғақ тозаң және миллимикронмен өлшенетін көлемдегі сұйықтық тамшылары түрінде болады. Темекі түтінің құрамы бірнеше жүздеген заттардан тұрады. Оның ішінде өте улы никотин, көміртегі тотығы, аммиак, кукіртсутегі, формальдегид, фенол, түрлі қышқылдар, қорғасын, мышьяк, сынап, кадмий, кобальт, радиоактивті элементтер, құрамында канцерогенді бензопирен бар темекі шайыры сияқты элементтер бар. Осы аталған заттардың кез келгені адам ағзасына зиянын тигізбей қоймайды. Никотин – есірткі болғандықтан алдымен орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Темекіні шегудің алғашқы кезеңінде, бір-екі минуттан кейін ол миға жетіп, оған жағымды әсер етіп, уақытша белсенділігін оятады. Адам эйфорияға беріліп, күш қосылғанын байқайды. Бірақ бұл қысқа мерзімді әсер ғана. Сондықтан адам темекіні үсті үстіне шегуге мәжбүр. Бірте бірте ол ағзаның үйреншікті стимуляторы болып, адам өз әдітінің құлына айналады.  Көміртегі тотығы қандағы гемоглабиннің  эритроциттерімен оңай және тез қосылып, өз орнын ағзаға қажетті оттегіге босатпайды. Одан ағзаның барлық клеткаларында оттегі жетіспеушілік туып, ми нейрондары да зақымдана бастайды. Көгертуші қышқыл да ағзаның оттегі жетіспеушілігін тудырады. Ол оттегінің клетка мембраналары арқылы өтуіне кедергі жасайды. Органикалық қышқылдар сілтілер (аммиак) тыныс жолдары мен өкпенің шырышты қабаттарын тітіркендіріп, қабыну процестеріне себепкер болады.

Алланың бізге нәсіп еткен алтыннан қымбат денсаулығымызды қалайша осындай зиянды өнімдермен құрдымға жібереміз? Керісінше, денсаулыққа аса мән беріп, өмірімізді түбегейлі 180 градусқа төңкеруге болады ғой. Иә, әрине, салауатты өмір салтын ұстану-денсаулықтың жақсарып, организмнің нормамен жұмыс жасауына бетене атсалысады. Жоғарыдағы статистика мен зерттеулерді өзіміздің өмір сүру реттілігімізге еңгізбей, орнын пайдалы өнімдермен және іс-әрекеттермен толтыруға болады ғой:

1) Кока-кола орнына апельсин шырын ішсек, фаст-фурд орнына жемістер мен көкөністер жесек қатып кетпейді ме? Анығында, ешкім бізді қинап жатқан жоқ қой.

2) Темекі шегіп өкпені құрдымға жібергенше, таңғы уақытта жүгіріп, өкпемізді шыдамды ете түссек болмайды ма? Әрине, иә

3) Күнделікті спортпен шұғылданып, ұйқы әдебін реттеу керек. Түңгі сағат 22:00де ұйықтап, таңғы сағат 7:00де оянсақ та жеткілікті.

4) Тамақтану реттілігі- біздің өміріміздің бір бөлшегі. Таңғы ас ішуден, кешкі асты аяқтауды әдет қылуымыз қажет. Себебі, біз ретімен тамақ ішпесек, денсаулығымызға кері әсерін тигізеді.

5) Салауатты өмір салты тек физикалық саулықпен шектеліп қалады дейсіз бе? Жоқ, біз рухани саулықты да ойлауымыз керек. Еітап оқып, білім алып, рухани дамуымыз керек. Мен рухани саулықты- салауатты өмір салтының бір бөлігі деп анық айта аламын. Себебі, қазір біздің жаңғыратын кезеңіміз!

Салауатты өмір салты- біздің болашағымыз. Бұл тақырыпты қолға алып, етене атсалысуымыз керек. Себебі, бұл бізге ғана емес, бізден кейінгі ұрпақтарға да қажетті. Сондықтан, арнайы мектептерде пән қабылданып, орталықтар мен кешендерде арнайы бағдарламалар қойылып, мектептегі сабақ ретінде қарастырылуы керек. Бұл- біздің болашағымыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated