Бірінші байлық-денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің жауапкершілігін сезіне бермейміз.Айтылған сәтте,сөз көңілімізге қонады.Келісеміз.Бірақ кейін есімізден шығып кетеді.Денсаулық-тән мен жанның жиынтығы десем де болады.Атам,қазақ “Денсаулық- зор байлық”деп бекер айтпаса керек.Денсаулықтың маңызын,қадірін айрықша ұғына білуіміз қажет.Сол үшін де денені үнемі ширықтырып,шынықтырып отырғанымыз абзал.

Өкінішке орай көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға жауапты емес,немқұрайлы қарайды.Тіпті денсаулығы өзіне емес,тек дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар.Дәрігерлер қанша ескертсе де жаман әдеттерден арылғысы келмейді.Темекі тартады,насыбай атады,салынып арақ ішеді.Кейбір аналарымыз үйіне кісі келгенде көл көсір дастархан жасап, ал өз денсаулығына керек анемияға қарсы дәріні де сатып алып ішкісі келмейді.Жалпы,халқымыздың «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде»деген дана қағидасын әрдайым есімізден шығармауымыз керек.

Осындай,жаман әдеттерден арылудың бірден- бір жолы «Салауатты өмір салтын»ұстану деп ойлаймын.Менің ойымша «салауатты өмір салты»дегеніміз денсаулықты нығайту,ағзамыздың дұрыс дамуына көмегін берер ережелерді сақтау.Жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу.Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы болып келеді.

Бүгінгі таңда салауатты өмір салты деген ұғымды әркім әр түрлі түсінеді және көп естіп жатамыз.Алайда,ол сөздің мағынасына терең бойламаймыз.Осы кішігірім эсседе менің өз ойым мен пікірімді баяндап өтсем деп едім. «Ерте тұрған еркектің ырысы артық,ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» -демекші,ұйқыны қиып,ерте тұру салауатты өмір салтының ажырамас бір бөлшегі.Салауатты өмір салтын ұстанып жүруде тек таңғы ұйқыны қию,жүгіру ,таңғы жаттығулар жасау,дұрыс тамақтану жеткіліксіз.Күннің соңына дейін бойымыз да,ойымыз да сергек болуы үшін дұрыс ой ойлау,адам болу,жан жағымызда қоршаған адамдарға қолдан келгенше жақсылық жасауға ұмтылу,позитивті ой мен көңіл күйде жүруді қосар едім.Себебі,салауатты өмір салты адамның пейілінен,ойы мен ниетінен басталады.Осы орайда,Шәкәрім Құдайберді атамыздың мына төмендегі жыр- шумақтары ойға оралып отыр:

«Біреудің мінін тергенше,

Жамандығын көргенше,

Өз ойыңды мазалап

Өзіңмен күрес өлгенше.»

Осы өлең жолдарында көрсетілгендей,салауатты өмір салтын ұстану әр жеке тұлғаның өзінен бастау керек.Міне,сонда ғана біз саналы сауатты түрде салауатты өмір салтын сақтай аламыз.

Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды.Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс.

Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс. Сонымен қатар, организмді шынықтыру, жұқпалы аурулардың алдын алу, зиянды әдеттерден алшақ болу, күйзеліске көп салынбау сияқтыларды сақтай отырып денсаулықты сақтауға болады.

Қазіргі адам қимылдың аздығынан жапа шегеді.Ондай жандарға ең керегі-спорт.Жаттығу олардың жүрегінің жұмысын жақсартуға,бойына қосымша күш жігер жинауға,денесінің қорғаныс қабілетін күшейтүге мүмкіндік береді.Ең әуелі жүгірумен шұғылданыңыз.Күніне 15-20 минуттық жүгіру өте-мөте пайдалы,бірақ оның алдында біраз уақыт тез жүру арқылы дайындалып алған дұрыс. Суда жүзудің ,велосипед пен шаңғы тебудің ,би билеп иогтардың жаттығуларын жасаудың салмақ кетіруге пайдасы зор.Таңертең керуетте жатып аяғыңызбен “велосипед” тебіңіз .Отырып киінуші болмаңыз.Жұмысқа бара жатқанда ,екі-үш аялдама бұрын түсіп қалып ,жаяу жүрүге ,үстіңгі қабаттарға лифтімен емес ,жаяу көтерілуге тырысыңыз.

Қазіргі кезде Қазақстанның жастарының денсаулығы төмен деңгейде. Оған мысал ретінде әскерге қабылдау кезінде өтетін тексерісте кемінде 50% жастар денсаулықтарына байланысты әскери борышын атқаруға жарамсыз. Оған себеп ауру шақыратын факторлардың өсуі, яғни құнарлы тамақтанбау, темекі, ішімдік, есірткі зияндығы, қозғалыстың аз болуы. Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік: Олар – темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүр. Жастарға есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мәдени көпшілік орындарына баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолына түсіп, жылына бір келетін оразаны тұтып, оның тәртібін сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ.Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас, мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады. Әрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз.

Адам өзін өзгеден кем сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады. Қимыл белсенділігі — бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

Қорыта айтқанда, данышпан Абай өзінің 28-қара сөзінде :”Ауруды жаратқан –құдай,ауыртқан құдай емес” деген .Яғни,құдай саған темекі тарт ,арақ іш,нашақор бол, денсаулығыңызды бұз деген жоқ.Әйел мен баланың денсаулығы туралы айтар болсақ ,денсаудығы күшті ,салауатты өмір салтын ұстаған аналар ғана өмірге дені таза ,қол-аяғы балғадай ,тепсе темір үзетін перзент әкеле алады.Өйткені сау бала –біздің келешегіміз ,қоғамымыздың тірегі.Әрине өмірге дені сау перзент әкелу бір жұмыс.Ал оны қоғамға жат мінездерден аулақ етіп тәрбиелеу екінші әрі өте жауапты жұмыс.Салауатты өмір салты біз үшін маңызды!Денсаулық кепілі.Сол үшін әрдайым денемізді шынықтырып,қозғалыста болайық!Салауатты өмір салтын ұстанайық!!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated