Ауырып ем іздегенше-

ауырмаудың жолын ізде.

Тазалық-саулық негізі,

Саулық-байлық негізі

Сәлем-сөздің анасы демекші,сөзімді сәлемнен бастағым кеп отыр. Сәлеметсіздер ме! Оқырмандар, жастар!Жастар ғой енді көбісі осындай іс-шаралардың басы-қасында жүретін.

Хат жазып отыр ма дейтін шығарсыздар,дегенмен айтайын деп отырғаным «Тәрбие-сәлемдесуден басталады» дейді ғой.Әрине ешкімді де тәрбиелейін деп отырғаным жоқ. Тәрбие жоқ деп те көпке топырақ шашқым жоқ.Жәй ғана титтей де болса бір адамға болса да әсерін тигізсе,бәрімізге де жақсы болар еді. Тақырыптан ауытқып мұны қозғап отырған себебім,қазір көп жастар сәлемдесу, үлкенге сәлем беру,амандасу дегенді ұға бермейді.Жеңіл қарайды,онда тұрған не бар,сен кімсің дегендей.Әрбір отбасында тілі шықпай жатып бірінші «сәлем,ассалаумағалейкум»деп балаға үйретіп жатады.Алайда өсе келе ол әдет қалып қоя береді.

Аллаға ең жақын адам сөзін сәлеммен бастаған. Алла,алла деп тағы да артық кетіп жатсам кешіріңіздер. Қалайда бірақ біз мұсылман екенімізді ұмытпауымыз керек. Одан шошитын да ештеңесі жоқ.Жасынан намаз оқып, хиджап киінбегенмен,қазақта ешбір ісін «биссимилляхсыз» бастамаған. Ал ол сөздің мағынасы «алланың қалауымен осы істі бастап жатырмын,алла сәтін салсын,оңынан келтірсін» деген. Әрине құран оқимын,сүрелерді жатқа білем деп айтпаймын,жәй ғана ата-әженің,әке-шешенің,аға-жеңгенің тәрбиесін көріп өскен,қазақи отбасынан шыққан қарапайым қазақтың қызымын. «Тәрбиесіз берген білім-ең қәуіпті білім және ол апатқа алып келеді» деп Әл-Фараби айтқандай, қайбір нәрседе де бірінші тәрбиеге мән беру керек.

Салауатты өмір салтын сақтауға күнделікті режим бойынша,уақытылы тамақтанып,уақытылы ұйықтап,уақытылы тұру керек деп, қазіргі заманда дейін бе,күнделікті мынау күйбең тірлік қуып жүрген өмірімізде қаншалықты дұрыс-бұрыс екенін айта алмаймын. Әйтсе де «бүгінгі істі ертеңге қалдырма» деген фразаға сүйене отырып үлгеруге, жан-жақты болуға тырысып жүрген адамдар да баршылық.

Информация мен технологияның дамыған кезеңінде әрбіріміз керегімізді компьютерден, ұялы телефондарынан шұқшия отырып іздейміз. Тапжылмастан, қимылсыз отырған соң не уақытымыздың өтіп кеткенін,не аяқ-қолымыздың ұйып жатқанын сезбей отырып қалатынымыз да бар. Көзге, басқа, нерв жүйелеріне, омыртқаға, тағысын сондай сондайларға зиян екенін білсек те, кейбіріміздің жұмысымыз сондай боп нәпақамызды тауып журген жайымыз бар,кейбіріміз интернеттің қызығына кіріп отырып қалатынымыз да бар.Қайбір нәрседе де нәпсіні тыя білу керек дейді ғой.Нәпсіге бой алдырмай жұмысыңды бітсең, артық смартфонға үңілудің қажеті жоқ.Одан да сыртқа шығып,серуендеп,тым болмаса үй тірлігімен болса да қимылда болу керек. Қимылдау деген-жүру,өмір сүру деген сияқты көбірек қимылдасақ бүкіл дене бойымызға қан жүгіріп, көбірек шынығамыз. Денеміз шымырланып, артық ет те,артық май да болмайды.Не жесең де іс-қимылыңмен тамағыңды сіңдіріп отырсаң,керек емес нәрселерді адам ағзасы өзі шығарып отырады.Ішіп-жеп алып теледидар алдында немесе телефон шұқып отырып алу өз денсаулығыңа қалай болса солай қарау деп ойлаймын.

Өмірге бір келесің,бір келіп бәрін көргің келеді деген қызығушылықпен бастайды да,темекі,ішімдік сияқты зиянды нәрселерге қалай әуесті болып,соңынан тәуелді боп кеткендерін білмей,жаман әдетке айналдырып,қоя алмай,тастайын десе тастай алмай жүретіндер де аз емес.Бұрын ер азаматтар көп болса шылым шегетін,қазіргі қоғамымызда әйел адамдарды,жас қыздарды да көп кездестіреміз.Ерлерімізді осы бір жаман әдеттен арылта алмай жүргенімізде,енді әйелдеріміз қосылды.Мен үшін ондай адамдарды түсіну өте қиын.Өз жандарына өздерінің мейірімдері жоқ,көрер көзге сүйкімсіз көрінеді.Ертеңгі ұрпағын,ұрпағының денсаулығын ойламайды ма? Онсыз да климат өзгерді,біресе экология деп, жан-жақты қолға алуды сөз етіп жүргенде, мұндай адамдар өз қолдарымен өз денсаулықтарын құртып жатқандарына жаным ашиды.Білмедім, шет елге еліктеушілік пе,шеттен ондай жаман қылықтарды емес,өзіміздің менталитетімізге сай келетіндей жақсы нәрселер болса алу керек.Әр ел,әр ұлт өзінің ұлттық құндылықтарымен ерекшеленіп отыратындай,біз де қазақилымызбен ерекшеленсек.Мысалы кейбір елдерде олай істеуге болмайды,бұлай сөйлеуге болмайды екен деп жатқандай, «қазақтарда жасы кішілері жасы үлкендерін арасы бір жас болса да қатты сыйлайды екен,әйел-қыздарының бәрінің шаштары ұзын,ер адамның алдын кесіп өтпейді екен,кез келгені атқа мініп,емін-еркін отыра алады екен,бәрі домбыраларын шертіп біледі,кемінде бір күй,бір терме тартып бере алады,қыздары да,ұлдары да өнерлі» деген сияқты шет ел адамдарын таң қалдыра отыратындай болса екен.Әрине мұның бәрі қанымызда бар нәрсе,әйтсе де кейінгі ұрпақтың жеңіл қарауымен бе,әйтеуір жәйымен калып бара жатқандай.

Қазір аурудың да түр-түрі көбейіп бара жатыр.Осындай нашақорлық,ішімдікке салыну,көрінгенмен төсектес болу сыңайлы жаман әдеттердің салдарынан, туыла сап ауру боп немесе әртүрлі деффектілерімен, я мүгедек боп туылатындар саны көбейіп барады.Балға қасықты малып алғандағы алып шыққан балдай,ерлер де барған әр әйелден бір қасиет алып,ертеңгі күні баласына әйтеуір бір қасиеті беріледі екен, кейбір ғалымдардың зерттеуі бойынша.Сол үшін «уақытша,жәй әшейін»деп бұл мәселеге жеңіл-желпі қарауға болмайды.Әрбір азамат ертеңін,ертеңгі ұрпағын ойласа,бойын таза ұстап,түзу журуі міндетті. Бұл да салауатты өмір салтын ұстанудың бір жолы деп ойлаймын. Себебі сау анадан-сау бала туылады.Бұрыннан көп нәрсе ер адамдарға байланысты болған ғой,бәрін шешетіндер де солар,қысқасы барлығы ер азаматтарымыздың қолында.Ері әйеліне,әкесі қызына,ағасы қарындасына көңіл бөліп,өзінше қатал болса,ешқандай да жаман әдеттер мен жаман журістер болмайтын еді.

Тазалық-саулық негізі дегендей,денеміз,киіміміз,ұстаған-тұтқанымыз таза болмаса,бірінші болып өзімізге,адам ағзасына зиян. Ал айналамыз,қоршаған ортамыз таза болмаса,ауаны неше түрлі сасыған иістер басып,лас ауаны өзіміз жұтамыз.Қазір бара-бара жей салатын да,іше салатын да заттар көбеюде.Көшеде кетіп бара жатып та,жүріп,тұрып та жей саламыз.Ал қоқыстарын көрінген жерге тастай салатындар қызық.Тасталған нәрсе қалған жерінде жатады шіріп.Қалада гой жиналар,арнайы жұмысшылар бар.Ауылда ше? Өз ауылын,өз ауласын ластайтындарға таңым бар.Мұның бәрі адам денсаулығына әсерін тигізбей қоймайды.Саналы түрде неге ойланбасқа? Неге тастаймыз? Неге ластаймыз,өз туған жерімізді,өз отанымызды?! Әркім өзіне жауап берердей іс-қимыл жасаса,артын жинап,қоқыс тастамай,ауаны ластамай баршамызға да жақсы болар еді.

Салауатты өмірге рухани да саулықты кіргізсек болады деп ойлаймын.Жақсы сөз-жан азығы дегендей,жақсы ойлап,жақсы сөйлеу де адам денсаулығына өз әсерін тигізеді. Психологтардың мынадай сөздері бар:біз қазақта балаларымызды атасына ұқсайды,әжесіне,көкесіне деп жатамыз ғой,соны,олай айтпаңыздар,солай айтқан сайын бала ұқсатқан адамдарыңыздың тағдырын қайталауға тырысады екен дейді.Себебі әрбір бала- ол жеке тұлға,ешкімнің тағдырын қайталамай өз тағдырымен өмір сүрсін дейді.Енді оның қаншалықты шындыққа жанасатынын білмейміз әрине.Дегенмен бір нәрсені көп айта берсең сол болады дегендей,сөздің де өз күші боп тұр ғой бұл жерде.Сол үшін»жақсы сөз-жарым ырыс»деп ата-әжелеріміз ұқсатса жақсы адамдарға ұқсатып отырған шығар.Одан қалса сана бар.»Саналы адам-дана адам»демекші,әрбір адам өзінің ой-санасын дұрыстауы қажет.»Бала берсең саналы қып бер,санасыз болса ала бер»деп құдайдан тілеп отырған апаларымыз.Бәрінен де сана мықты.Сол үшін ой-сана таза болу керек.

Күмән-иманнан айырады дегендей,өзіңнен басқаның бәрін жаман ойламай,арам ойлардан арылу керек. Өмір-сыйласықпен қызық,үлкенді-кішілі бір-бірімізді сыйлап өмір сүрейік.Мұны айтып жатқан себебім,қазір көп адамдар бірдейне бір жерге асығып жүреді,немесе жүйкелері шыдамайды күтуге.Оның әсері жоғарыда айтылып өткен бірі зиянды шылым шегу,нашақорлық,арақ ішу болса,бірі смартфон екен.Асығып-аптығып тұрамыз.Үлкеннің сөзін бөлеміз немесе тыңдауға уақыт жоқ.Сабыр түбі-сары алтын деп,сабырлылыққа шақырамын баршаны. Салауатты өмір  ұстанымын ұстап зиянды заттардан аулақ боп,бір-бірімізге деген жылы сезіммен,иманды сеніммен қарауымызды жөн санаймын. Қамшының сабындай ғана өмірде сыйласықпен,денсаулығымызға көбірек мән беріп,салауатты өмір салтын сақтайық!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated