Тазалық – саулық негізі, Саулық – байлық негізі.

Кез келген мемлекеттің негізгі байлығы халық болып табылады. Халқымның жас ұрпағы ретінде денсаулық ережелерін дұрыс сақтайтындығым туралы аңгімелеп бергім келеді.

Мен ауылда дүниеге келгендіктен, бала кезімнен еңбекпен айналыстым. Су тасу, ағаш кесу, шөп дайындау, мал бағу деген сияқты жұмыстар ептілік пен шыдамдылықты қажет етеді.

Көпшілік қауым салауатты өмір салты дегенді тек қана жаман әдеттерден бас тарту деп ойлайды. Бірақ, салауатты өмір дегініміз, менің ойымша, бұл - физикалық, моральдық, эмоционалды және психикалық тазалық!
Біздің елде бұл мәселеге көп көңіл бөлінеді. Салауатты өмір салтын ұстану балабақшадан басталып, зейнеткерлікке дейін жалғасын табуда.
Меніңше, казақ халкында салауатты өмір салтын ұстану - сонау көне заманнан жүйелі түрде жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлердің бірі. Бұны қазақ халқының тарихынан мысалдар арқылы дәлелдей аламын:

1) Дұрыс тамақтану:

А) қымыз және сүт өнімдерін үнемі тұтыну, ағзаны кальциймен және басқа          дәрумендермен қанықтырады.
Б) тұрақты ет тұтыну.

Қой етін үнемі тұтыну қалқанша безді қалыпқа келтіреді, иммундық жүйені нығайтады және жүрек пен қан тамырларына жағымды әсер етеді. Қой етін жасы үлкен адамдар мен балалар жиі тұтынуға кеңес береді. Бұл еттің құрамында тіс пен сүйектерді нығайтатын фторидтің көптігі және холестериннің төмен болуымен байланысты.
Ал жылқы етінің жылыну әсері бар. Жылқы етінде - ақуыздың ең жоғары мөлшері 25% дейін, сонымен қатар, бұл ақуыз аминқышқылдарының құрамына кіреді. Жылқы еті қандағы холестеринді төмендетеді, метаболизмді реттейді, радиация әсерін бейтараптандырады.

2) Киіз үйді құрастыру және бөлшектеу әр жігіттен ептілік пен шыдамдылықты қажет етеді.

3)  Көшпелі өмір салтының өзі ұйқы мен демалу режимінің дұрыс сақталуын болжайды.
Алыс көш-саяхат,  таңның атысынан бастап, күннің батысына дейін малды жайылымға жіберіп бағудың өзі, таза ауада оттегін тұтынып, қан айналымы мен жүйке жүйесі ауруларына қарсы иммунитет қалыптастырады, күннің көзінен Д дәруменімен ағзасын қанықтырады.

Сонымен қатар, ерте тұрып, ерте жату деген біздің қанымызда болу керек.
4) Алла Тағалаға деген сенім, сонымен қатар, Тәңірге деген сенім біздің ата-бабаларымызды бейбітшілікке, шыдамдылық пен сабырлыққа шақырған.
Одан басқа, гигиеналық тазалық.

Ислам тазалықтың негізін қалап, оны барлық жерде сақтау ережелерін негіздегені жасырын емес. Дүние жүзіндегі мұсылмандар жеке гигиенаға өте жоғары талаптар қояды, өйткені ислам рухани және материалдық жағынан тазалыққа үлкен мән береді. Егер адамзат тұтастай алғанда тазалықты жағымды қасиет деп санаса, онда ислам мұны талап етеді. Мұсылмандар өздерінің жеке гигиенасын ұқыпты ұстауы керек: адамның рухы да,  тәні де және айналасы әрдайым таза болуы керек.
Сонымен, денсаулық деген не?

Біздің ата-бабамыз «Тәні саудың - жаны сау» немесе «Бірінші байлық - денсаулық» деп бекер айтпаған. Бірақ осы нақыл сөздің салмағын, жауапкершілігін сезінбейміз және мойындамаймыз. Денсаулығымыз мықты болу үшін мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау қажет. Олар: дене еңбегі, уақытылы өнімді тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және демала білу.

Адам денсаулығы қоғам байлығы деп бекер айтпайды. Адам денсаулығының мықты болуы, қоғамға да маңызды. Дені сау адамнан, салауатты ұрпақ туады. Тек дені сау, салауатты ұрпақ қана өз халқына қызмет етіп, елін дамыта алады.

Шығыс пен Батыстың ұлы ойшылдары да дені сау ұрпақ тәрбиелеу мен денсаулық сақтау мәселесін зерттеген. Олардың ішінде Абу али ибн Сина ауруларды емдеп, сауықтыруда дәрілер мен хирургиялық әдістерден бұрын жылы сөздің қажеттігін айтқан. Біздің ата-бабамыз сөздің әсер ету күшін біліп, көптеген мақал-мәтелдер қалдырған: «Жақсы сөз жан семіртеді», «Жылы сөз жанға қуат береді», «Жақсы сөз жанды айықтырады, аурудың жазылуына жәрдемін тигізеді» т.б.
Гиппократ "Көңілді адамдар тезірек қалпына келеді және ұзақ өмір сүреді", "Дені сау қайыршы ауру патшадан гөрі бақытты". Сократ: "Ұйқы – табиғи бальзам".
Ұлы жазушы, философ, қазақ халқының ақыны Абай Құнанбаев «Ағзаға артық келген заттың барлығы жаман екенін біліңіз» деген болатын.

Адаамның рухани күйі мен ішкі сезімі - денсаулық кепілі. Көңіл күйді жадыратып, жүрекке жылы тиетін жақсы сөздер деніміздің сау болуына үлкен әсер етеді. Себебі жан мен тән егіз. Халқымыз «Жаны саудың - тәні сау» деген мақалы  тегін  емес.

Денсаулық тұжырымдамасының барлық анықтамаларының ішінен мен осыны таңдадым. Денсаулық - бұл физикалық, рухани және әлеуметтік салауаттылықтың жай-күйі, сонымен қатар, аурулар мен физикалық ақаулардың болмауы.
Сондықтан, қай халықтың өкілі болсаң да, тәніңді, рухыңды, санаңды таза ұстауға тырыс! Сонда ғана салауатты тіршілік иесінің қатарынан табыласың дегім келеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated