Салауатты өмір салты дегеніміз дұрыс тамақтанып, күн сайын спортпен айналысып,таза ауада серуендеу. Мұның барлығы да салауатты өмір салтын қамтамасыз етеді. Кез келген адам аман сау жүргісі келеді. Денсаулық дегеніміз -тек биологияға ғана емес, қоғамға қатысты ұғым. Жақсы денсаулық бұл өмірдің жақсы жағын танып,еңбектену. Жан мен тәннің саулығын қамтамасыз ететін түрлі рәсім бар. Мысалы қарапайым табиғи сур рәсімі. Ол ағзаны тұмау секілді түрлі аурудан сақтандырады. Денсаулығын күтетін адамның артықшылықтары көп болады.
"Тәні сау адамның жаны да сау" деген сөз дұрыс айтылған. Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі деп тегін айтылмаса керек. Бірінші байлық денсаулық дейміз. Бірақ оны сөздің салмағын шынайы сезініп, түсінбейтін секілдіміз. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты,исалауатты өмір салтын сақтау мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған.
Тіпті Елбасымыздың Жолдауында салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігін көрсетілген. Көне замандағы ғұламалардың бірі Аристотель "Жаңды дене қозғалмаса өледі" деген екен. Міне, сол тұжырымдамада біз үшін салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу алыстатып, өмірді ұзартады. Денсаулық адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Адам денсаулығын қалыптастыру және нығайту медициналық ғана емес сонымен бірге барлық оқыту мен тәрбиелеу ,білім беру жүйелерінің негізгі мақсаты мен міндеті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 30 сессияның қатарында денсаулық сақтауды мемлекеттік саясат деңгейіне көтеру баршаға ұсынылған. Үкіметтер мен ДДҰ-ның алдағы онжылдықтағы негізгі әлеуметтік міндеті 2000 жылға дейін Жер бетіндегі барлық тұрғыда нәтижелі өмір сүруіне мүмкіндік беретін денсаулық дәрежесіне қол жеткізуде.
Денсаулық жағдайын айқындайтын негізі факторлардың бірі өмір салты болып табылады. Осыған байланысты денсаулықтың жоғары деңгейіне жетудің ең маңызды мақсаты салауатты өмір салтын және азаматтың өз денсаулығына деген көзқарас қалыптастыру.
Қорытындылай келе, менің ойымша салауатты өмір салтын сақтау керек. Спортпен шұғылданып, өзін-өзі жетілдірумен айналысу қажет. Басқа да пайдасы зор заттармен қоса қоршаған айналаға көңіл бөлу керек.