Тажғарина Аружан Тойбекқызы

Денсаулық – адам баласына берілген ең қымбат байлықтың бірі. Себебі бізден саулықты ақшаға немесе алтынға сатып ала алмаймыз. Адам болып қалыптасу үшін де  салауатты өмір салтын сақтау маңызды. Осы – ережелерді сақтай отырып, біз өз-өзімізді еркін және жаңа идеялардың тұсауын кесеміз.

Жалынды жастар, яғни жаңа толқын ретінде әрдайым ізденісте және де үлгі болатындай азамат, азаматша болып өсуміз маңызды. Ол үшін қажырлы еңбек, ыстық қайрат, жылы жүрек және қыстай қатты денсаулық маңызды рөл атқарады.

Елімізде жасы келген қарттарымызға дейін салауатты өмір салтын ұстанады. Я, әрине өзімізбен бірге жүгіріп келе жатқан ата - әжелерді, апа – ағаларды көргенде жүзімізге күлкі келетіні анық. Олар бізге үлгі болатын алтын адамдар.

Шынығу бала кезден бастау алған жөн. Сәбиді желге, күнге тигізбеймін деп орап, қымтап, үлбіретіп өсірудің еш пайдасы жоқ. Жас кезден бастап – ақ еркін шынығу мүмкіндігін қарастыру қажет Жүсіп Баласағұнның баяғыда - ақ: "... болса тәртіп, бала өседі сомдалып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып" деген сөзін бекер дей алмайсың. Оның үстіне баланың дене күші мен рухани күшінің сай жетіліп, шыңдалып өсетіндей етіп тәрбиелеуге мән берілуі тиіс. "Еңбек шынықтырады, ұйқы тынықтырады" демекші шынығу мен тынығу өзара сабақтастықта қарастырылса ғана бала жан – жақты дамиды, жетіледі. Шынығу – дене тәрбиесі арқылы жүзеге асады. Рухани сауығу да салауаттылық пен сабақтас. Адам театрға, стадионға, кітапханаға барып, кітап, газет, журнал оқу арқылы өзінің ішкі, яғни рухани дүниесін байытып отырады.

Жалынды жастар үшін рухани сауаттылық және де салауатты өмір салтын ұстану маңызды. Себебі жастардың уақытын пайдалы нәрсеге жұмсау тікелей мемлекеттің өсіп өркендеуіне жауап береді.

Мемлекеттің дамуы жастардың қолында. Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай "болашақ жастардың қолында ". Сондықтан әр қазақтың жалынды жастарына айтар ойым. Арманда, өзіңді жетілдір, мақсаттарыңа жет, жаңа мақсаттар қой, үлкен мақсаттар, кішкентай дүниеге қуаң, күл, шыда, үміттен, бос отырма, ойыңмен бөліс, тыңда, айт, дәлелде, тәжірибе жина, қателіктер жібер, мейлі көп болса да, еңбектен, сабыр сақта. Иә, осылардың бәрін орындай отырып жетістікке жет. Атақты бол, ерекше бол.

Өз ойымды қортындылай келе, денсаулық – әрбір адамның бақытының негізі. Ендеше – жалынды жастардың әр уақыттың салауаттылыққа, парасаттылыққа бағыттау ерен еңбектің көрінісі. Жастар әлжуас, денсаулығы нашар, білімсіз, таяз, рухани деңгейі төмен, зиянды құбылыстарға әуес, жалқау болса, онда мемлекеттің көсегесін көгерте алмайды. Болашағымыздың айқындылығы, айбындылығы дені сау іскер ұрпақтың үлесіне тиюге тиіс. Түбегейлі мақсат әрбір саналы азаматтың жас кезінен салауатты өмір сүріп, денсаулығын сақтап, жан – дүниесін байытып, рухани таза, жат қылықтардан аулақ, қоршаған ортаны сүйіп, адамдармен тату  -тәтті өмір сүруге қалыптастыру.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated