Құндыз Жайылғанқызы

«Адамға ең əуелі білім емес, тəрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен ұлы ғұлама, Əбу Насыр əл-Фараби. Қазақ – текті халық. Ұлттық  тəрбие деген тіркестің өзі – қазақ халқы үшін қасиетті ұғым. Өйткені нағыз қазақ ол – тек қазақтың салт-дəстүрімен сусындаған, осы ұлттың тəрбиесімен жетіліп, туған тілімен санасы оянған азамат. Қазақ халқының бойында Жер жүзінде теңдесі жоқ адалдық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, қонақжайлылық сияқты адами қасиеттер бар.

«Баланы тəрбиешісінің дəл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек» дейді. Қазір ХХI ғасыр білім мен ғылым заманы екенін жұртшылық жақсы біледі. Бірақ бар күшімізді білім мен ғылымға салып, тəрбиені елеусіз қалдырсақ, ұтарымыздан ұтыларымыз көп болатындығын ортағасырлық бабамыз ғұлама əл-Фараби анықтап айтып кеткен. Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мəселе болып табылады. Қазіргі уақытта əлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі жəне адам экологиясының қолайсыздығы бүкіл өркениетті əлем үшін көкейтесті мəселе болып отыр.

Салауаттылық - ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене жəне жан тазалығын сақтау, тіпті қарапайым түрде айтсақ адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-əрекет. Өмір заңдылығы салауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді.

Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды əдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына яғни əлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады. Мағжан Жұмабаев бір сөзінде: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі...» – депті. Осы ой бүгінгі күні өзекті мəселе болып тұр. Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға жəне жоғары, сапалы білім алып, сол білімді  келешектегі өмірінде пайдалана білуге тəрбиелеу.

Бала тəрбиесі əсіресе, мектептен тыс уақыттағы сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың мəн-мағынасы өте зор болып келеді. Жастар денсаулығының нашарлауы, олардың ағзаларының ауруға қарсы тұру қабілетінің əлсіздігі , азып-тозуы, тез шаршағыштығы, өмірінің қысқа болуы осы жайттардың айқын көрінісі. Бұл мəселелердің барлығы жастар арасында тəрбие жұмыстарының жұтаңдығының салдары екендігі даусыз. Мектепте сыныптан тыс жұмыс 12 бағыт бойынша жүргізіледі. Өткізілетін ашық тəрбие сағаттар сол бағыттардың аясында өтеді. Мен өзімнің шығармашылық тақырыбымтретінде «Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбын алдым, ондағы мақсатым: «Салауаттылық ұғымы арқылы қазақ халқының салт-дəстүрін, көнеден келе жатқан мəдениетін, өнерін, əдет-ғұрпын, жас ұрпаққа ұғындыру. Бір сөзбен айтқанда өз ұлтының дінін ұстануға үйрету» болды.

Салауатты өмір салты - адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Ол адам мəдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы əрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн. Бала тəрбиесі алдымен отбасынан басталады деп есептеймін, оған қоса біз балаға рухани тəрбие жəне стихиялық тəрбие береміз. Отбасы тəрбиесі ол ата-анасы. туыстары, отбасындағы дəстүрлер. Рухани тəрбие – ол балабақшадан басталады, мектеп, ақпараттық құралдар. Стихиялық тəрбие - адамдармен қарым-қатынасы, қоршаған орта, жұ мыс орны.

Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мəдениетін қалыптастыру мəселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тəрбиелеу формалары мен жаңа əдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.

Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мəдениетін қалыптастыру бұл:

- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз жəне жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы жəне өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;

- Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу. Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның

психологиялық, дене – қимыл əрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уəждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру; Олардың мінез – құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне - өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мəдени – гигиненалық мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек? Өмір салты дегеніміз не? Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. Біздіңше, адамның əлеуметтік – психологиялық жəне биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:

- белсенді қозғалыс нəтижесінде организмді шынықтыру дене тəрбиесі немесе спортпен шұғылдану;

- физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;

- жеке жəне əлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;

- қарым – қатынас жəне экологиялық мəдениетке жету;

- дұрыс жыныстық тəрбие алу;

- зиянды əдеттерден аулақ болу.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны көздейді:

- Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;

- Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;

- Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дəлелденген деректерге ғана

сүйену;

- Экологияландыру, адам организміне қоршаған орта факторларының

əсерін білу;

- Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты

туралы ұлттық салт-дəстүрлерімен танысып оны ұстана білу;

- Үздіксіз оқыту, салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз

қалыптастырып үнемі пайдалану;

- Əлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін

дайындау. Осы ұстанымдарды негіздеп жасөспірімдерді салауатты өмірге тəрбиелеу барысында мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс. Мұғалім мектептегі басты тұлға. Қай мектептің болсын нəтижелі, жемісті жұмыс істеуі түптеп келгенде сол мектепте еңбек ететін əр  мұғалімнің өз міндетіне, көзқарасына тікелей байланысты. Əрбір сыныпта ұстаз алдында отырған шəкірттері де сол болашаққа барар жол үстіндегі талапкерлер. Қазақстан Республикасының «Білім заңында» мектеп оқушылары бойында адамгершілік жəне тұрмыс негіздерін қалыптастыру, адамзаттыққа тəрбиелеу жəне олардың ақыл-ой, танымдық шығармашылық қабілетін анықтау басты міндет екендігі айтылған. Осы міндеттердің жауапкершілігі негізінен мектептегі сынып жетекшісіне жүктеледі. Сондықтан оқушы бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой,танымдық сана-сезім қалыптастыратын салауатты тəрбие беру мазмұнын жаңаша құруды көздейді.

Денсаулық адам бақытының бірінші байлығы.Əрбір жасөспірімді сол бақытты уысынаншығармауға тəрбиелеуіміз керек. Денсаулықтың мықты болуы үшін қандай əдістерді қолдануды, жақсы жұмыс халін,күнделікті  тұрмыс қиындықтарын жеңуі,белсенді өмір сүру жағдайларын білу қажет. Денсаулық - салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін, оның қыр-сырын білу басты міндет. Қай заманда болсын адамзат алдында

тұратын ұлы мұрат, міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тəрбиелеу. Сол тəрбиенің бір түрі рухани байлық десек, артық айтқандық емес. Адам бойындағы жақсы қасиеттері мен игі істерінің қайнар көзі осы рухтан бастау алады.         Рухани бай адам дегеніміз - өз тілін, өз тарихын,салт-дəстүрін жоғары

бағалап,жан-жақты,өзін-өзі басқаратын,өмірдің ағымына дұрыс көзқараспен қарай алатын,мейірімді,əділ,қанағатшыл адам. Егер біз саналы, мінез - құлқымыз жетілген азамат болғымыз келсе,алдымен өзімізді - өзіміз білуіміз қажет. Өзін тану арқылы өзгені танитын артықшылыққа ие боламыз. «Дүниедегі ең оңай нəрсе - кісіге ақыл айту , ең қиыны - өзіңді-өзің түсіну» -деген екен ғұлама ғалым Əл-Фараби. Осы рухани байлықты жастардың бойына сіңіріп, сана сезімін жеткізу - біздің міндетіміз. Мектептегі қазіргі оқытып жатқан имандылық бағыттағы тəрбие сағаттар басым. Адамның материалдық қажеттілігінің бірі - дене мүшесінің саулығы. Бүгінгі күні ең маңызды мəселе - салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Денсаулық тəрбиесі – ортақ мəселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет əл – ауқатының дамуына мұрындық болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мəдениеті, денсаулығы.салауатты өмір сүру салты 3 категорияға бөлінеді:

  1. Салауатты өмір сүру деңгейі;
  2. Салауатты өмір сүрудің сапасы;
  3. Салауатты өмір сүрудің стилі.

Салауатты өмір сүру деңгейі – адамның материалдық жəне моральдық-рухани қажеттілігін толығымен қамтамасыз ету. Салауатты өмір сүру сапасы - үй-іші қызмет істейтін орындар (оқу орындар, мектептер) неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабороториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі. Салауатты өмір сүру стилі – адамның қоғамдық орындарда өзін -өзі ұстап жəне көрсете  білу. Адам денсаулығының жақсы жəне жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи жəне ұлттық дағды –дəстүрлер арқылы қалыптасады. Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге жəне құрамдас бөліктерге бөлінеді:

  • Тəн денсаулығы — бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің ағымдағы күйі. Мұның негізі онтогенездік дамудың əр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін,базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады.

Денсаулықтың негізгі өлшемдері мыналар:

  • тəн жəне дене күйі үшін — мен істей аламын;
  • психикалық күй үшін — мен тілеймін;
  • адамгершіліктік күйге — мен істеуге тиістімін.

Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі өмірге құштар,қандай іске болсын дайын, мақсатына жету жолындағы қиыншылыққа төзімді болады.

Ал, ауру - адамның мүмкіндігін шектейді,көңіл күйі жабырқаулы адам ештеңені жоспарлап,алдына айқын мақсат қоя алмайды. Баланың денсаулық жағдайы көптеген факторлардың əсеріне байланысты.Мысалы: ата-ананың денсаулығы, үйдегі жалпы жағдай, білім алу мүмкіншілігі, əлеуметтік жағдай,т.б. Сынып сағатында оқушылардан «Адам өзінің дені сау, бақытты сезіну үшін не істеу керек?» деген сұрақты негізге ала отырып, өз ойларын эссе түрінде жаздырдым. Топқа бөліп, топ жұмысын жүргіздім. Төмендегідей сұрақтар бойынша жауаптарын қорғаттым.

Салауатты өмір салты – ол адам экологиясының таза болуы. Осы мақсатта наркомания,и СПИД, арақ ішу,шылым шегу.т.б қоғамға үлкен кеселін тигізіп отырған бұл дерттің алдын - алу шаралары мен таныстыру, үйрету мақсатында «Сəнге берілу ме,əдет пе, əлде ауру ма?», «Дені саудың - жаны сау», «Нашаға жол жоқ» деген тақырыптарда мектепте жоғары сынып оқушыларымен пікірлесу кештері ұйымдастырылып, кештің қонақтары мектеп медбикесі, салауаттану пəн мұғалімдері оқушыларға дəрігер тілімен сындарлы, саналы етіп жеткізе білді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated