Денсаулық – ол шынығу,

Күн сайын бір әдетпен.

Денсаулық – ол тынығу,

Айғай-шу мен әлектен.

Денсаулық – ол тоқ болу,

Пайдалы дәрумендермен.

Денсаулығың зор байлық

Күте білсең әдеппен.

 

Дені саудың – жаны сау

дейді халық мәтелі.

Сондықтан да балалар

Сақтайық осы мәнерді!

Денсаулық – адам өміріндегі ең басты қажеттілік, бой тазалығы, дертті бойға дарытпау, яғни ағзасының дұрыс және қалыпты жұмыс жасауы, әрі сыртқы ортамен динамикалық тепе-теңдікке келіп, барлық мүшелер жүйелерінің қарым-қатынасы гармониялық түрде болуы, организмнің өзін-өзі басқара білуі.

Денсаулықты қалыптастырудың негізгі алты қыры бар:

Тәндік денсаулық – жатыққан және шыныққан тәндік аурулары жоқ біздің денеміздің қалай құрылғандығы және қалай жұмыс істейтіндігі туралы түсініктерді қамтиды.

Психикалық және интеллектуалды денсаулық – кемістігінің және психикалық аурулардың жоқ екендігін білдіреді, ол адамның жаңа білімді игеруге және пайдалануға қалай қабілетті екенін айтады.

Өзіндік денсаулық – адамның өзін тұлға ретінде түсінуін, оның алға ұмтылуын, жетістіктерін, өмірлік құндылықтарын көрсетеді. Біреулер табысты жұмыстан, кейбіреулер – өнерден, үшіншілері – жанұядан, ал төртінші біреулер – жеке баюдан іздейді және т.б.

Рухани денсаулық – бұл адам өмірінің орталығы, бұл оның адамгершілігі, түсінуі, мейірімділігі мен қайырымдылығы, ізгілікті қабылдауы.

Эмоциялық денсаулық – өзін түсіну, сезімін және абыржуын бақылауы, өзінің сезімін түсіндіре білу, керекті және керексіз емес эмоцияларды білу.

Әлеуметтік денсаулық – өзіндік қоғамның бір бөлігі ретінде тану, қоғамның өміріндегі және қоғамдағы өз сәттіліктеріңді тану. Бұл адамдармен қатынас жасай білу, мамандық- білімділік.

Денсаулық зор байлық Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей Бірінші байлық – денсаулық Екінші байлық – ақ жаулық Үшінші байлық – он саулық демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде. Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп барады. “Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар. Бірақ біз сол аурулардың шарықтауына жол бермей оған төтеп беруіміз қажет. Яғни “Ауруын жасырған өледі”  деген сөзге қарсы адам өз бойындағы ауруы бойынша дәрігерлерден кеңес алып, білгендерден сұрап отыруы қажет.

Бірақ қазақта «Ауырып ем іздгенше,ауырмайтын жол ізде»деген мақал бар.Яғни  ауырдым екен деп дәрігерге жүгіріп,әр түрлі химикаттармен организмімізді толтыра бастаймыз.

Ал мүлде ауырмау үшін не істеу керек?

«-Иммунитетті күшейту керек

-Адамның иммунитеті неғұрлым күшті болса, оның денсаулығы соғұрлым жақсы болады

Иммунитетті күшейту үшін дұрыс тамақтану керек,денсаулыққа пайдалы, дәрумендерге бай тағамдарды жеу керек. Сонымен қатар дене жаттығуларды жасау керек, ауруларға қарсы егулерді уақытылы алу , сондай ақ тазалықты да сақтау керек,қолды жиі -жиі жуып, лас жерден аулақ жүру, айналаны таза ұстау керек»-дейді дәрігер мамандар.

Сонымен қатар әрине салауатты өмір салтын ұстануы керек.

Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.

Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші  шарты болып табылады. Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдарымыздың дені сау, ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отыр.

Осы жыл жастар жылы болғандықтан,еліміздің барлық өңірлерінде жастарды  салауатты өмір салтын  ұстануға шақыратын әр түрлі жарыстар,турнирлер,челледж т.б. спортты насихаттайтын сан қилы жобалар ұйымдастырылды,ұйымдастырылу үстінде және әліде ұйымдастырылады деген ойдамын.

Мен мемлекеттік қызметкер мектебіне қатысқалы бері тек қана мемлекеттік қызметкер жұмысымен ған атанысып қоймай,көптеген спорттық турнирлерге барып, мүмкіндігінше өзімді спорттық жағынан да дамыту үстіндемін.Қазіргі уақытта «Дені сау ұлт» атты челенджге қатысу үстіндемін. Осындай жарыстар арқылы жастарды салауатты өмір салтын дұрыс ұстануға шақыру тиімдірек болады деп ойлаймын.Аталмыш жобалар жастарға мотивация беріп қана қоймай,бір мақсатты көздейтін достар тауып,таныстығын ары қарай жалғастыруға мүмкіндік береді.

Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты.

Табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - өзін-өзі сыйлағаны.Осыдан-ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына шейін денсаулығы зор болып, адам атына кір келтірмей өтуі абзал.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated