Салауатты өмір салтын сақтайық!

«Жастар Үні» жастар қоғамдық бірлестігі "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының" қолдауымен «Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау» жобасы аясында жастар арасында эссе байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа шақыру.

Байқау шарттары: Шығармашылық жұмыстар Microsoft Word түрінде қабылданады. Мақала көлемі 14 шрифтпен, 1,0 интервалмен, 2 беттен кем емес, 5 беттен көп емес.

Материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының жастары қатыса алады.

Байқау талаптары:

Байқауға шығармашылық жұмыстарды қабылдау 2019 жылдың 7 қыркүйегінен басталып 7 қараша күні аяқталады.

Байқау барысы:

Барлық эссе «Arhar.kz» порталының «Байқау» айдарында жарияланады.

Эссені arharinfo@gmail.com электронды поштасына жіберу керек. Қосымша сұрақтар бойынша 392-13-34 немесе 87470529904 (Ақбота Ерболқызы) нөміріне хабарласа аласыз.

Байқау жеңімпаздарын құрамында 5 адам қазылық ететін (журналистер, жастар көшбасшылары, қоғам қайраткерлері)  арнайы топ  анықтайды. Жеңімпаздарды марапаттау байқау қорытындысы шыққаннан кейін бір апта ішінде, Алматы қаласында орын алады.

Жүлде қоры:

1 – орын – 200 000 теңге

2 – орын – 150 000 теңге

3 – орын – 100 000 теңге

Байқауға қатысу үшін ұсынылған жұмыстар:

  • Объективтілігіне;
  • Креативтілігіне;
  • Мазмұнына;
  • Көркемдігіне;
  • Сапасына;
  • Өзектілігіне және т.б. қарай бағаланады.

Қатысушылар эссемен бірге төмендегі форма негізінде өзі жайлы қысқаша ақпарат толтырып жіберуге міндетті:

Аты-жөні Мекен-жайы Жасы Байланыс нөмірі
/ электронды поштасы
Статус (Оқушы, студент және т.б)
         
         

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated