Аршын Кемелжан
ХХІ ғасырда әлем жаңа белеске бет бұрды. Адамдардың қалауы өзгеріп, тың талап, жаңа көзқарас пайда болды. Жер үсті және жер асты қайнар көздер сарқылып, техногендік апаттардың артуы адамзатты жарқын болашақ үшін күресуге жетелеуде.

ХХ ғасыр әлемде ревалюциялық даму ғасыры болды. Ірі зауыттар, жылу электр станциялары және көлік түрлері қарыштап дамыды. Нәтижесінде, жердің қайнар көздері сарқылып, техногендік апаттар арта түсті. Бұл табиғат ананың өміршеңдігіне үлкен соққы болды. Сондықтан табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау туралы бастама бүгінгі күннің басты бағыттарының бірі. Экологиялық жағдайы нашар қалалардың қатары жыл санап артып келеді. Олардың көш басында Қытай астанасы мен Үндістанның бірнеше қаласы тұр. Болашақ үшін бүгіннен бастап қамданбаса еліміздегі ең ірі мегаполис әлемгі лас қалалардың қатарынан шығуы әбден мүмкін. Бүгінде еуропа елдері табиғатты аялаудың бірнеше бағытын қол алып, тұрақты жұмыс істеп келеді. Яғни, ағаш кесіп, жасыл желекті жойып, экологияға зиян келтірген адам қазір ең ауыр жазаға тартылады. Ауаны ластамас үшін электр қуатын пайдаланатын дамуымен көліктер мен баламалы отынды тұтынатын зауыттар жаппай көбеюде. Масалы, әлемгі тазылығымен, экономикалық танымал Сингапур елінде қоқысты ұрықсат етілмеген жерге тастаған адамға мың доллар айыппұл салынады. Бұл салауатты өмір салтының бір бағыты. Ал, әлемнің болашығы жастардың қолында...

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен биылғы жыл Жастар жылы, деп аталды. Өйткені, ертең елдің тірегі болар жас буын бүгіннен бастап мемлекеттің экономикалық, рухани дамуына атсалуысуы қажет. Республиканың барлық өңірлерінде жастар форумдары өткізіліп, жастардың еңбегі елене бастады. Қазақ жастарының, оның ішінде Алматы жастарының елі үшін, жері үшін еткен еңбегін жіпке тізсек.

Алматы – Еліміздің қаржы орталығы және жастар қаласы саналады. Өйткені, қалада 38 жоғары оқу орны бар. Жалпы шаһар тұрғындарының 45 пайызы 14 пен 35 жас аралығындағы адамдар. Бұл Алматының жастар қаласы екенінің нақты дәлелі. Жастар қаланың дамуына бүгіннен бастап үлкен үлес қосып жатыр, десек артық болмас. Оған бірнеше ірі бастамалар себеп. Жастар ұйымдары шаһардағы әлеуметтік, экологиялық және білім беру саласына ат салысып келеді.

«Бірге Таза Қазақстан» акциясынан бастау алған «Таза Алматы» экологиялық шарасы аясында тұрақты сенбілік өтіп келеді. Қала жастары Алатаудың бөктерінен бастап, етегіне дейінгі аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартып тұрады. Бұл туризімі енді ғана дамып келе жатқан қала үшін үлкен үлес. Жастар ерікті еңбектерін көрсету арқылы тұрғындарды, қонақтарды салауатты өмір салтын ұстануға, қоршаған ортаны ластамауға дәріптеп жүр. Алматы жастарының бастамасымен салауатты өмір салтын әдеткен айналдыру мақсатында аптасына бір рет таңғы флешмоб ұйымдастырылып тұрады. Еріктілер тұрғындарды аптасына бір рет таңғы жаттығу жасап, таза ауада демалуға шақырып жүр. Көктемде басталған шараның ауқымы күн санап артуда. Тек қана ерікттілердің бастамасы қазір қаланың сегіз ауданында тұрақты жалғасын тауып келеді.

Елдің ертеңін ойлаған жас буындар мектеп пен жоғары оқу орындарында да жиі ашық сабақ өткізуді әдетке айналдырған. Басты тақырып – Салауатты өмір салтын дәріптеу, қоршаған ортаға құрметпен қарау. Оған қоса, жастарды жағымсыз қылықтан аулақ ету үшін түрлі спорт алаңдары ашылып, тегін үйірмелер тұрақты жұмыс істеп келеді. Қалалық денсаулық сақтау мамандарының мәліметінше, оқушылар арасындағы ішімдікке және басқа да зиянды заттарға қатысты фактілердің үлесі төмендеген.

Жергілікті билік өкілдері де салуатты өмір салтын насихаттау, дәстүрге айналдыру үшін бірқатар бастамаларды тұрақты ұйымдастырып келеді. Мысалы, веложарыс пен Алматы марафоны қаланың мәдени дәстүріне айналғанына бірнеше жыл болды. Шаһарда жылдың үш мезгілінде веложарыстар мен әртүрлі қашықтағы марафондар тұрақты өтіп келеді. Тұрғындардың қызығушылығын арттыру үшін қаржылай сыйлық тағайындалып тұрады. Әдетке айналған Алматы марафонына қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Биыл жарысқа жалпы саны 5 мың адам қатысты. Оның ішінде әлемнің 26 елінен келген еріктілер де бар.

Ал, салауатты өмір салтының бір бөлшегі саналатын табиғатты аялау үшін еліміздің барлық өңірлерінде әртүрлі шаралар қолға алынған. Мысалы, Алматы қаласында «Жасыл Алматы» бағдарламасы әзірленген. Осы бағдарлама аясында жергілікті билік өкілдері 2050 жылға дейін қала аумағына 1 миллион түп көшет отырғызбақ. Нәтижесінде, қаладағы экологиялық ахуалдың беті бері қарайды, деген үлкен үміт бар. Өйткені, дену сау ұрпақ тәрбиелеу үшін табиғаты да таза ел болуы керек.

Қазақ салт-дәстүрлерінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі зор. Сондықтан ұрпаққа тәлім-тәрбие, білім беру, салауатты өмір салтын дәріптеу және қоршаған ортаға деген құрметті қалыптастыруда ұлттық салт-дәс­түрлерімізді кеңінен пайдалану өте маңызды. Бала санасына хал­қымыздың салт-дәстүрлердің мән-мағынасын дұрыс жеткізе біл­сек, олар ұлтын сүйген азамат болып өседі. Өйткені, бабаларымыз таза тағамдарды таңдай білген, салауатты өмір салтының бір бөлігі саналатын ат спортын қалыптастырған, табиғатты жанындай аялаған. «Бір тал кессең он тал ек», деген мақал бабаларымыздың табиғатты аялаудағы махаббатын көрсетеді.

Бүгінгі бастамалардың мақсаты – халықтың бәрін спортшы ету емес, салауатты өмір салтын әдетке айналдыруды дәріптеу. Өйткені, келешекте елдің тізгінін ұстайтын атқамінерлер бүгінде зиянды заттардан жаны аулақ, салауатты өмір салтын серік еткен адам болса, ұміттің ақталғаны.

«Тәрбиесіз берілген білім - адазаттың қас жауы» - Әбу Насыр Әль-Фараби.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated