Дүниеде адам баласына бір-ақ рет берілетін құнсыз қазына, баға жетпес байлық, денсаулық. Адамның өмірге бір келері, басқа да биологиялық ағзалар тектес мезгілі жеткенде жан тапсыратыны шындық. Әр адамның өзіне берілген уақыты өлшеулі ғұмыры бар, сол ғұмырдың қаншалық мән-маңызға ие етуі жан иесінің өзіне байланысты. Өмірдің мәні кең, тіптен оны айтып жеткізу де мумкін емес-ау шамасы. Ал сол өмір мәндерінен бөле қарауға мүлде болмайтын құндылық денсаулықта  мәнді өмірдің шырайын кіргізетін шауһар екендігінде шүбә жоқ.

Өмірдің мәнін сан тараптан саралайтын кемеңгер адам баласы үшін денсаулықтың орыны   ерен екені айдан анық. Дені сау адам қоғамға да, қоршаған ортаға да пайдасын тигізбесе зиян тигізбейтін  есті жаратылыстың ерен өкілі.

Денсаулық пенде пешенесіне туылғанда тіптен құрсақта жатқанда-ақ жазылып беріліп қойылады. Әрмен қарай оны сақтау, нығайту әркімнің өзіне байланысты. Денсаулық қазына болса оны сақтау керек. Ал оны сақтаудың жолдары бір-бірінен ерекше бірнеше іс-әрекеттердің  үндестігінен тұруы мүмкін. Сол үндестіктер жиынтығы - салауатты өмір салты. Бұл дегеніміз деннің саулығы үшін зиянды әрекеттерден бас тартып, өз ырқыңды саналы түрде   пайдалы әрекеттерге бағындыру.

Әу баста деннің саулығы қоректенуден бастаса керек. «Ас адамның арқауы» демекші, күнделікті дұрыс тамақтану, зиянды тағамдардан бас тартып орынына құнарлы, табиғи өнімдерді тұтыну өзіңізге өз денсаулығыңызға жасаған жақсылығыңыз. Кейде, тіпті, қанша жерден табиғи таза болғанына қарамастан құнарлы тағамның адам ағзасына у болып әлек тауып беруі ғажап емес. Осы орайда ел арасындағы «Ауру астан» деген сөздің де тегіннен тегін шықпағанын ескергеніміз дұрыс болар. Расымен, адал астың бәрі пайдалы екен деп ауызға тығу ауру адамның ісі мұндай адамдарды халқымыз қомағай, мешкей  деп аса жақтырмаған. Ал керісінше, дене пішімін сақтау азу мақсатында ағзаға керек нәрлі  тағамдарды тұтынбай ағзаны шектей берудің де аяғы жақсы емес, асқазан аурулары сияқты тағы басқада ауырулардың қозуына жол ашылуы мүмкін. Сондықтан, адам асты  талғаммен ғана емес  сондай-ақ  денінің саулығы үшін де таңдап тұтынуы керек-мыс.

Ал күнделікті дене шынықтыру мен айналысу спорттың ләзатын сезіну тіптен керемет нәрсе. Белгілі бір спорт түрімен ғана шұғылданбай, спорттың  көптеген түрлерімен шұғылданыу тіптен ғажап, әр  спорттың өзіндік ағзаға тигізер әсері мен пайдасы бар екені даусыз. Міне, сондықтан өз денсаулығын сақтағысы келген әрбір жас немесе жасамыс  спорттың лажы барынша бір-біріне ұқсамайтын бірнеше түрімен айналысқаны дұрыс. Денені шынықтыру жақсы тек алдымен белгілі бір спорт жаттығуларын жасамас бұрын ағзаны тексеріп дененің әл қуатын бағамдап алған артық болмас. Өйткені кейбір адамдардың денсаулығында ақау бар болуы мүмкін. Мамандар адам ағзасына күш түсірмейтін әрі хобби ретінде саналатын жеңіл спорт түрлерінің де  ағзаға пайдасы шаш етектен екенін айтуда. Спорттың бұл түрлеріне: би,жүзу және таза ауада жүру, қысқы мезгілдерде шанамен сырғанау, коньки тебумен қоса тағыда басқа, теннис сынды спорт түрлерінің жататынын ескертуде. Ал енді оңашада қоғамнан алшақ ойланғысы келетіндерге: шахмат, дойбы, домино ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан асқан спорт болмаса керек.

Деннің саулығына тұрғылықты жердің де әсері ерекше екенін атап айтқанымыз дұрыс болар. Я бүгінгі заманда табиғаты таңғажайып, ауасы сап, суы мөлдір жерден баспана тігу де қолдан келе қоймас, дегенмен, бұл олқылықтың орынын жиі табиғат аясындағы демалыстар мен серуендер арқылы толықтыруғы болады. Сондықтан, бос уақыт шыққанын күтпей, керісінше уақыт бөліп тауға шығуды кешкілік саябақтардан табылуды әдетке айналдыру  бұл денсаулығыңыздың кепілі болмағанда не?!

Адам денсаулығына өзіне ғана керек құндылық ретінде жеңіл қарамауы тиісті. Жалпы адамзат баласы қоғамдасып өмір сүрген соң қайсы бір тұлға, біреуге әке яки болмаса ана немесе аға тіптен біреудің баласы екенін ұмытпауымыз керек. Ал жақындарымыздың біздің денсаулығымыз үшін қам жейтіні бесенеден белгілі  нәрсе. Сәл ойланып көрсеңіз - сіз біреудің арқа сүйер әкесі немесе сенер ағасы, қамқор анасы, жанашыр інісі немесе қарындасы шығарсыз оқырман. Ал сол жақындарыңызға сіздің денсаулығыңыздың қаншалық қымбат екенін білесіз бе? Сіз анаңыздың балам өкпесінен айырылды-ау деп шылым шеккеніңіз де, шылыммен бірге тұтап солғанын немесе балаңыздың, жарыңыздың  ішімдікпен арбалған азаматты аман келсе екен деп алаңдап күткенін, іні-бауырыңыздың аға денсаулығын ойлап шерменде болғанын  қалайсыз ба? Не асқар тау әкеңіздің сіз үшін жігері құм боп аласарғанын көргіңіз келе ме?

Онда салауатты өмір салтын ұстанып өмір тынысын сезініңіз...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated