Басқосуға "Рухани жаңғыру" жобалық офисінің менеджерлері, қоғамдық пікір көшбасшылары мен студенттер қатысты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: "Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді", - деген еді.

Осыған орай, жиын барысында ""Рухани жаңғыру" жобасы аясында 100 кітап жобасы өтуде. Осы күнге дейін қанша кітап аударылды және қанша данамен шықты?, ЖОО-да "Рухани жаңғыру" жобасын насихаттау мақсатында қандай іс-шаралар іске асуда?, Аударылуға тиіс 100 кітапты таңдауда неге мән бердіңіздер? тағы басқа сынды сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан тұщымды жауап та берілді.

Басқосуға келген Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың "Рухани жаңғыру" жобалық офисінің менеджері Есбосынова Айгерім Бақдаулетқызы, сөз барысында ҚазҰТУ-дың "Рухани жаңғыру" жобасы аясында атқарып жатқан іс-шараларына тоқталып: "Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт XXI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болу керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында", - деді.

Ал Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің өкілі Абдраймова Мөлдір Рашидқызы 100 кітап жобасы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Жиын соңында 100 кітап жобасына қатысты ұсыныстар да айтылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated