Біздің қоғамымызда өкінішке орай жығылғанды демеу, сүрінгенді сүйеу принципі аз. Сондықтан жазасын өтеп шыққан жандар жылдар бойы өзін іштей жеп, сырттай мүжи береді. Оларға психологиялық қысым көп, қоғамның көзқарасы теріс. Міне, сондықтан мұндай жандарға, әсіресе жастарға көмек қолын созу маңызды.
«Жастар Үні» республикалық қоғамдық бірлестігі жазасын өтеп шыққан жастармен жоба бастады. Оларға жоба аясында психологиялық, заңгерлік көмек көрсетіліп, бизнес ашып, кәсіп дамытуға кеңестер берілмек.
Жоба барысында атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі көңіл толарлықтай. Қойылған мақсат толыққанды орындалды. Себебі психолог маманнан өткен азаматтардың ішінде ажырасу стадиясындағы қарым-қатынасқа жүрген бірнеше азамат психолог кеңесі арқылы медиация орталығына жүгінді, көптеген азаматтың бойында өмірге деген құштарлығы ұлғайды, бұлардың барлығы жеке консультация барысында анықталды.
Сонымен қоса, заңгер консультациясы арқылы бірнеше адам снятие судимости ходатайство даярлап, құжаттарын тапсырып, жұмыс іздеуге кірісті. Айта кететін нақты жетістіктің бірі, Каскелең қаласында балаларға арналған спорт мектебін ашқан азаматты айта аламыз. Бұған дейін кәсіп бастау ойында жүрген пробация қызметінде жүрген Қ. Есімді азамат заңгер және Атамекен сарапшысымен ақылдасу арқылы мемлекеттен спортты жан басына қаржыландыру бойынша спорт зал ашты. Түрмеге отырғанға дейін бокстан Спорт шебері деген атағы болған азамат өз өмірін қайта қолына алуға күші жетті, және бұған біздің жобаның пайдасы тиді. Осы сынды мысалдар жетерлік. Жәй ғана бейнероликтерді қарап, көп нәрсені түсініп ұғынуға болады. «Жұмыс беруші және мен» курсы арқылы тек қана жазасын өтеген жастар емес, кез келген жас жұмысқа орналасудың алгоритмін ұғына алды. Ал, жұмыс іздеу бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығында түсірілген бейнеролик арқылы, бұрын ағаттық жасап, қайтадан өз өмірін қолына алып, екі қолға бір күрек ұстағысы келіп жүрген талай жас, қай жерден, қалай жұмыс іздеу керек екендігін түсінді.