Бұл өте маңызды әрі ауадай қажет жобаның бірі. Себебі біздің қоғамымыз қаржылық сауаттылық деңгейімен мақтана алмайтын дәрежеде. Бір ғана факт. Қоғамдағы қылмыстың алпыс пайыздан астамы қаржылық алаяқтыққа байланысты. Бұл нені білдіреді? Әрине, қаржылық сауаттылықтың тым төмендігін.
Жоба іске асып жатыр. Маңызды жоба. Жобаға еліміздің әр аймағынан азаматтар қатыса алады. Еліміздегі, әлемдегі пандемия жағдайына байланысты онлайн негізде жобаны іске асыру мүмкіндіктері бар. Сондықтан бұл барша адамға қолжетімді болуда.
Жоба аясында қаржылық сауаттылыққа оқыту бойынша 20 онлайн семинар өтті. Оған 500-ден астам адам қатысты. Семинарды білікті қаржыгер зум арқылы іске асырды. Еліміздің әр түкпірінен азаматтар қатысып, қаржылық сауаттылықтарын арттырды. Білімдері тоғысты.
Жоба аясында оқушыларға арналған 10 бейнесабақ түсіріліп, оны еліміздің аймақтары бойынша білім басқармаларымен келісе отырып, мектеп оқушыларына көрсету іске асты. Сонымен қатар мектеп оқушыларына ақшаны ұстау, үнемдеуді үйрету бойынша 5 кездесу өтті, оған 1000 оқушы іске асты. «Атамекен ҰКП» өкілінің қатысуымен 10 шеберлік сабағы өтті, оған 200-ден астам адам қатысты. Қаржылық сауаттылық бойынша аудиоподкасттар жасалды, олардың жалпы саны 10. Оған арнайы әдістеме жасалды. «Атамекен ҰКП» сарапшылары бизнес жоспар әзірлеу, жеңілдікпен кредит беру және басқа бойынша 20 онлайн кездесу болды. Арнайы 40 минуттық бизнес жоспар құру үшін бейнесабақ түсірілді, оған білікті әрі танымал спикер қатысты.