1 қыркүйек – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Білім күнімен қатар келген жолдауында Мемлекет басшысы білім беру саласына коронавирус пандемиясы мен қашықтан оқыту кері әсер еткенін сөз етіп, елімізде мектептер саны 2025 жылға дейін кемінде 1000-ға жетуі керектігіне баса назар аударды. Одан бөлек, мемлекет басшысы ғылым саласында грантты қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту керектігін айтты. Бұдан өзге жолдауында бірқатар мәселе көтеріп, үкіметке түрлі тапсырма берді. Бұған байланысты сала мамандарының айтар өз пікір бар.
Жібек Караманова, заңгер:
ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, бүгінде елімізде 128 жоғары оқу орны жұмыс істейді, олардың 67-сі заңгер мамандарын даярлайды. Соңғы 5 жылда заңгерлерді даярлауға 1480 грант бөлінді. Қарап отырсақ, әрине аз емес. Дегенмен, реформаларды, оның ішінде құқық қорғау және сот жүйесіндегі жаңаруларды сапалы жүзеге асыру үшін қоғам мен мемлекетке қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін, патриоттық рухтағы және адамның құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғауды бағдар еткен, заңтану саласында кәсіби құзыретке ие жаңа формациядағы заң кадрлары қажет.
Мұхтар Тажибаев, Жетісу ауданының экс-әкімі:
Мемлекет басшысының алдыңғы Жолдауларында айтылған реформаларды нәтижелі
де толыққанды іске асуына тың серпін беретін күшке айналды. Президент бүгінгі халыққа арнаған үшінші Жолдауында да елімізде жүргізіліп жатқан саяси жаңғыру реформаларын жүйелі жалғастырудың маңыздылығына ерекше мән берді. Бұл ретте, Мемлекет Басшысының Ұлттық Кеңес мінберінде көтерген бастамалары негізінде сәтті іске асқан саяси реформалар пакетін атап өтуге болады. Соның нәтижесінде, қоғамда қордаланған көптеген маңызды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-құқықтық мәселелер өз шешімін тапты. Мысалы, аудандық деңгейлегі қалалар мен ауыл әкімдерін сайлау реформасы соның айқын да жарқын дәлелі бола алады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру ісінде ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларға қолдау көрсетудің маңыздылығына назар аударып, гранттық қаржыландыру жүйесін бейімдеудің тиімді тетігін әзірлеуді тапсырды. Сөз жоқ, аталған шаралардың барлығы да саяси сауатты, демократиялық түсінігі пісіп-жетілген, әлеуметтік белсенділігі жоғары азаматтық қоғам құру жолындағы қарымды да арынды қадам деп білемін.
Аида Бекманова, «Казферросталь» ЖШС бас директоры:
Менің ойымша, экономикадағы түпкі нәтижеге, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған дәл осындай бағдарламаны ел Президенті Қ.Қ.Тоқаев бүгін өзінің Жолдауында жариялады. Президенттің өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру жөніндегі пайымын ерекше атап өткім келеді. Сондай-ақ еліміз үшін стратегиялық маңызды шешім – биологиялық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық жүйе құруды да айтып өтті. Короновирус пандемиясы бұл мәселе бойынша алдын-ала іспен қамдану керек екенін дәлелдеді. Мемлекет басшысы цифрлық технологияларды ендіру арқылы су проблемаларын шешу қажеттігіне баса назар аударды. 2025 жылға қарай еліміздің барлық халқы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетіні маңызды. Менің ойымша, қоғам Президенттің елдегі ең төменгі жалақыны 60 мың теңгеге дейін, яғни 30%-ға дейін көтеру туралы бастамасын жақсы қабылдады. Бұл біздің миллиондаған азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған Мемлекет басшысының маңызды шешімі.
Нұрғайша Қудешова, психология ғылымдарының докторы:
2021 жылғы 1 қыркүйекте ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына ««Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы жарияланды. Қ.Тоқаев мырза пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі өркендетуге, денсаулық сақтау жүйесін дамытуғауға, сапалы білім қалыптастыруға, өңірлік саясатты ілгерілетуге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен халық бірлігін арттыруға бағытталған бастамалар көтергенін естіп қуандық. Одан өзге, Президент түрлі салалардағы мәселелерді шешуге бағытталған жүйелі реформалардың егжей-тегжейлі бағдарламасын ұсынды. Қазақстан қоғамындағы өмірдің барлық салаларын одан әрі реформалау құжатын ұсына отырып, нақты міндеттер қойды. Шындығында, олардың шешілуі одан әрі экономикалық өсуге, ел азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді. Сондай-ақ, ең басты жетістік біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құру болғанын ерекше атап өтті.
Мұхтар Зулеев, «Good food KZ» ЖШС бас директоры:
Президенттің халыққа жыл сайынғы Жолдауы таяу және орта мерзімді перспективада мемлекеттік саясатты қалыптастырудың тиімді тетігі болып табылады. Биылғы жылы Жолдау коронавирус пандемиясы тудырған экономикалық және әлеуметтік дағдарыстың қысымын бастан өткеріп отырған қоғамның барлық түйткілдерін еңсеруге арналды деп айтуға болады. Сонымен қатар, мемлекеттік басқару, экономикалық және аумақтық даму, әлеуметтік әл-ауқат, ауыл шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік, сондай-ақ құқық қорғау жүйесін жаңғырту мәселелері түбегейлі маңызды. Қ.Тоқаевтың: «Дүние жүзі өнеркәсіп пен экономиканы экологиялық тазартуға бет бұрды. Қазір бұл – әншейін сөз емес, салық, баж және техникалық реттеу шаралары сияқты нақты шешімдер. Біз одан тыс қала алмаймыз. Мұндай шешімдер экспорт, инвестиция және технология трансферті арқылы елімізге тікелей әсер етеді. Шын мәнінде, бұл – Қазақстанның орнықты дамуы мәселесі. Сондықтан мен 2060 жылға қарай көміртегінен арылу міндетін жүктеп отырмын», - деген, сондай-ақ бебіт атом қуатын дамыту шешіміне қатысты нақты мәлімдемесінің мәні зор. Қазақ елінің экономикасын осы аталған қағидаттар негізінде дамытудың келешегі зор болмағы сөзсіз.
Ерболат Қасымов, Алматы қаласы мәслихатының депутаты:
Мемлекет басшысының қазақстандық ІТ-секторды дамытып, күшейте түсу, жас, білімді әрі ынталы мамандар әзірлеу, цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлау қажеттігі, цифрлық
саладағы қызметтер мен тауарлардың экспорты 2025 жылға қарай кемінде 500 миллион долларға жетуге тиістігі жөніндегі міндеттері аса ауқымды екеніне назар аудартады. Президент білім саласына да ерекше тоқталып, мұғалімдердің жалақысы өсетінін, сондай-ақ толыққанды білім үдерісі үшін қажетті барлық функциясы бар бір онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет екенін айтты. Келесі жылы коронавирус пандемиясына байланысты биыл болып жатқан оқиғалар салдары қайталануы ықтимал. Сондықтан Президент Қ.Тоқаев айтқан терең және жан-жақты реформалар ғана қазіргі проблемаларды еңсеруге көмектеседі.