Соның бірі Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласының тұрғыны - Темірбек Кұсайынов.
Темірбек мырза біраз уақыттан бері қалалық қоғамдық көлік жүргізушісі болып жұмыс істеп келеді. Екі жылдан бері мейірімді азамат қала тұрғындарын әр жұма сайын тегін тасып, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүр. Сондай-ақ, әр күн сайын " Манас" азық - түлік дүкені арқылы 11 бөлке нанды халыққа тегін таратуда.
Осындай ниеті ақ, адал жанға риза болған тұрғындар "Жыл адамы " атағын беруге ұсыныс жасады. Ел тілегі қабыл болып, басшылар тарапынан ескеріліп, 2019 жылдың 16 желтоқсаны күні Темірбек Деуренбекұлына " Жыл адамы" атағы берілді.
Осы атақты алғанда қандай сезімде болдыңыз? - дегенде, " Мен не істесем де Алланың разылығы үшін істеймін. Адамдардың риза болып, жаудырған алғыстарын естігенде жұбайым Айдай екеуміз ет жүрегіміз елжіреп, бақытқа бөленеміз. Шынымды айтсам, әр жұманы асыға күтемін. Өйткені, алғыс алу - бір ғанибет", - деп ағынан жарылды.
Осындай елге шапағатын тигізер адал да жомарт адамдар көп болсын!
Аманжолова Аружан
11- сынып оқушысы
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы