Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитеттің хабарламасында айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Осыған дейін 7 711 адамның вирус жұқтырып, 170 адамның қайтыс болғаны хабарланған. Басылымның мәліметінше, соңғы тәуліктің өзінде 1 982 адам вирус жұқтырған.
"30 қаңтардағы жағдай бойынша Денсаулық сақтау мәселелері бойынша комитетке 31 провинциядан 9 682 адамның вирус жұқтырып, олардың 1527-сі ауыр жағдайда екені, сондай-ақ, 213 адамның қайтыс болып, 171 адамның ауруханадан шығарылғаны хабарланған", - дейді комитеттегілер.