Қырғызстанда 300-ден аса адам роллдан жаппай уланды

Қырғызстандағы Бішкек және Шу облысының медициналық мекемелеріне "Империя пиццы" желісіндегі тамақтан уланғаннан кейін жүгінгендер саны 318 адамға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендердің 40-ы - балалар.

"43 адам стационарлық көмек алды: теміржол ауруханасында - 17, қалалық балалар жедел жәрдем ауруханасында - 9, Ұлттық емханада - 17", - деп атап өтті ведомствода.

Желі мекемелеріне 21 мың сом (шамамен 105 мың теңге. - Ескерт.) айыппұл салынды.

РИА Новости сайты Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бәрі 22-23 қазанда уланғанын, ал жаңа жағдайлар пациенттерден анамнез жиналғаннан кейін анықталатынын жазды.

Ведомствоның хабарлауынша, зардап шеккендер "Пицца империясы" қоғамдық тамақтану желісінің төрт кафесінен ролл жеген. Дүйсенбіде эпидемиологиялық тергеу кезінде осы желінің барлық филиалы жабылды.

дереккөз - Tengrinews.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated