Қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарға онлайн психологиялық консультация өтті

«Жастар Үні» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарды оңалту және бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу» жобасын жүзеге асыруда.

Осы жоба аясында қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарға онлайн психологиялық консультация ұйымдастырылды. Онлайн кездесуге қатысқан қатысушылар өздерінің теріс ойларын оң ойларға өзгертіп, консультациядан алған білімдерімен кері байланыс жасайтынын жасырмады.

Психолог Ақнұр Тәуекелдің айтуынша, қылмыстық жазасын өтеген жастардың қабілеттеріне сенімді болуы, қоғамға тез бейімделуі және отбасында мәселелер туындаған жағдайда оларға психолог мамандармен көрсетілетін көмектің маңызы зор.

Бұл туралы психолог: «Қылмыстық жазасын өтеген жандар арасында тренинг өткізу, консультация жүргізу, біріншіден олардың  жеке даму деңгейін арттырады, екіншіден, әлсіз және күшті қасиеттерді қалай қабылдау керектігін үйретеді, үшіншіден, агрессия, шамадан тыс тәжірибе деңгейін төмендетеді. Сонымен қатар, «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш», «Иілген басты қылыш кеспес» дегендей қоршаған ортамызға кешірімді болуға, қателік жасаған адамды кеудесінен итермеуге, қатарға қосуға кеңес беремін, - дейді.

Шындығында қылмыстық жазасын өтеген жандардың әрбіріне өзін тұлға ретінде тану, қоғамдағы мәртебесін қалпына келтіру, өткенді тастап, дұрыс өмір жолына түсу жолында психологтың көмегі керек екені анық. Ендеше азаматтардың қоғамға бейімделуіне, түзелу жолына түсуіне өз үлесі мен әсерін тигізетін психолог мамандары десек қателеспейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated