Вирусы жоқ Тәжікстан вирустан өліп жатыр

Соғды облысында үш адам өкпесі қабынып, көз жұмған. Жергілікті билік өкілдері өлгендерден вирусқа анализ алмапты. Логикаға сай, вирус жоқ болса - тест тапсырудың да қажеті шамалы.

Мысалы Душанбедегі "Истиклол" ауруханасының дәрігерлері карантинде жатыр. 650 адам қабылдайтын аурухана сыртына "Науқастарды қабылдамаймыз", "Орын жоқ" деп жазылған.
"Вирус жоқ" деп айтса да, тәжіктер мектептер мен балабақшаларды жауып тастады. Азық-түлік нарығынан басқа базарлар жабық. Вирус жоқ, бірақ тәжік ауруханалары өкпесі қабынғандарға толып кетті. Бұл аурудың коронавирусқа қатысы жоқ дейді билік. Қысқасы жақында пиктің көкесі болатын сияқты.

Асхат Қасенғали

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated