Германия соты Tesla Inc компаниясына зауыт салу үшін 92 гектар орманды жоюға рұқсат берді, - деп хабарлайды Reuters.

Еуропадағы алғашқы Tesla зауыты Берлинге жақын маңда тұрғызылмақ. Жергілікті экоактивистер бұл шешімге қарсы шығып, сотқа жүгінді. Олар тез арада ағаш кесуді доғарып, орманды сақтауды талап етті. Олардың пікірінше, ағаштарды жою жергілікті табиғатқа қауіп төндіреді және су қоймаларының ластануына алып келуі мүмкін.

Алдымен сот ағаш кесуді үш күнге тоқтатты, алайда кейін құрылысқа тыйым салудың заңды негізі жоқ екенін мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated