Олар зерттеу жұмысының қорытындысын сайтта жариялады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

Зерттеуге 750 мыңнан аса науқас қатысқан. Оның 10 мыңнан астамына COVID-19 жұқтырды деген диагноз қойылған.

Ғалымдар науқастарды жынысы, салмағы мен жасына қарай бөлген. Кейін олар бірінші қан тобындағылар арасында коронавирустың таралу деңгейі 9-18 пайызға төмен екенін анықтады.

Зерттеу барысында COVID-19 вирусы үшінші және төртінші қан топтарының иелерінде жиі кездесетіні белгілі болды: олардың 1,5 пайызы індетке оң нәтиже көрсеткен. Екінші топтағы адамдар арасында бұл көрсеткіш - 1,4 пайызды, ал бірінші топтағы адамдар арасында - 1,3 пайыз.

Төртінші қан тобындағы адамдарда коронавирус жұқтыру дерегі 4,1 пайыз жағдайда, үшінші қан тобындағыларда - 4 пайыз, екінші қан тобындағылар арасында - 3,9 пайыз, бірінші қан тобындағылар арасында - 3,2 пайыз жағдай тіркелді.

Айта кетейік, осыған дейін халықаралық ғалымдар тобы екінші қан тобындағы адамдар коронавирусты жұқтыруға бейім деген тұжырымға келген еді. Сарапшылар бұл құбылысты ерекше мутациямен байланыстырған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated