Семейде Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған республикалық театр фестивальі өтеді

Әмина Өмірзақова

20-25 қыркүйек күні Семейде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен және Қазақстан театрлары ассоциациясының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті театр және кино актрисасы Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVII республикалық театр фестивалін өткізеді.

Фестиваль Қазақстанда театр өнерін дәріптеп, көпшілікке таратуға, дәстүрлі театр өнерін сақтап, әрі қарай дамытуға, дарынды артистер мен режиссерлерді анықтап, оларға қолдау көрсетуге, заманауи сахна процесіндегі негізгі басымдықтарды анықтау, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті дамытуға жол ашып, театр өнерін дамытуға мүмкіндік туғызады.

Сондай-ақ, шара қазақтың көрнекті кино және театр актрисасы, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әмина Өмірзақованың есімін ел есінде мәңгі қалдыру, оның шығармашылығы және мұрасымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Фестивальге еліміздің 12 театр ұжымы үздік қойылымдарымен қатысады. Алты күн бойы Семей қаласының қонақтары мен тұрғындары фестиваль барысында Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры, Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Ф.М. Достоевский атындағы орыс драма театры, Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, «Nomad» театры, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры, «Дариға-Ай» жастар театры, С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды-драма театры, Шығыс Қазақстан облыстық драма театрларының қойылымдарын тамашалай алады.

Баспасөз конференциясы - 20 қыркүйекте сағат 10.00-де, фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі - 20 қыркүйекте сағат 11.00-де, фестивальдің салтанатты жабылу рәсімі - 25 қыркүйекте сағат 19.00-де,  сондай-ақ фестиваль қойылымдары 20-25 қыркүйек аралығында Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының ғимаратында өтеді.

Байланыс телефондары: 8 707 - 808 - 18 - 90

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated