Жоба аясында "Салауатты өмір салтын сақтайық" тақырыбында республикалық эссе байқауы ұйымдастырылды. Эссе 7 қыркүйек пен 7 қараша аралығында екі ай жүріп, еліміздің 14 облысы мен 3 маңызы бар қаласынан 118 эссе келіп түсті. Әр түрлі жанрда жазған жастардың шығармалары салауатты өмір салтына шақырып, жастарды дұрыс өмір сүру бағытына итермелейтін мотивацияларға толы болды. Кіл мықтының ішінен кім мықтыны анықтау мақсатында алты адамнан құрылған әділ қазылар алқасы 118 шығарманы қарап, үздік үштікті анықтады. Байқау нәтижесі барынша әділ талапта шығарылуы үшін, әділ қазыларға тек эссенің өзі берілді, ал оны жазған автор туралы мәлімет берілмеді.
Әділ қазылардың шешімі бойынша "Салауатты өмір салтын сақтайық" эссе байқауында І орынды Мәмбетова Ұлжалғас Күнтуғанқызы, эссе тақырыбы: Өкініп қалмау үшін..., ІІ орынды Бектурова Динара Ерболқызы, эссе тақырыбы: Мені спортқа жетелеп әкелген мұң..., ІІІ орынды Бауыржан Жалел, эссе тақырыбы: Темекінің түтіні немесе салауатты өмір салтымның бастауы иемденді. Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз. Барлық қатысушыларға өмірде сәттілік пен табыс тілейміз.