Салауатты өмір салты-бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы іс-әрекет.Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды,ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады.Адамның басты байлығы-денсаулық!Денсаулығымыз жақсы болуы үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы өте зор.Тәуелсіз еліміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға қолы жетері,халқына қалтқысыз қызмет етері сөзсіз.Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін денсаулыққа кері әсерін тигізетін жағымсыз әрекеттерден аулақ болу қажет.Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі деп тегін айтылмаса керек.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында: «Дені сау ұлт-жалпыұлттық міндет.Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмысын жандандыру керек»-деп атап айтқан еді.

Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор.Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады.Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.Жыл сайын елімізде салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде спортшылар мерекесі аталып өтеді.Елбасымыздың ұдайы көңіл бөлуінің арқасында спорттың дамуы тың серпіліс алғанын атаған жөн. Денсаулық-адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы.Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді елімізде жан-жақты дамыған,денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп  қойылған.Адамзаттың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты,яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру-денсаулық кепілі.Ұрпақтан- ұрпаққа жалғасқан мұраларды жинақтау,оны бүгінгі жастардың тәрбиесіне,салауаттылығын қалыптастыруға пайдалануда тәлімдік ой-пікірлерімен қазақ даласына із қалдырған А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. ақын-жазушылардың еңбектері-ұрпақ саулығы үшін қам жеген денсаулық мәселесіне арналған мұраларының орны ерекше.

Салауатты өмір салты-адам үшін аса маңызды,денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма.Ол адам мәдениетінің бір бөлігі.Салауатты өмір салтын сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың да маңызы зор.Тағам әр түрлі сапалы,экологиялық таза болуы тиіс.Майлы,тұзды,тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн.Сондай-ақ,денсаулыққа қажетті пайдалы дәрумендерді тұтыну қажет.

Денсаулық-бұл адамның ғана емес,бүкіл коғамның құнсыз күйі.Жақын және қымбатты адамдармен кездескенде және қоштасқанда біз оларға мықты және зор денсаулық тілейміз,өйткені ол-бақытты және толымды өмірдің кепілі және негізгі шарты.

Денсаулық бізге жоспарларымызды орындауға,өмірдің негізі мәселелерін табысты шешуге,қиыншылықтарды өтуге көмектеседі.Адамның ақылымен нығайтылып және сол қалпында сақталып отырған зор денсаулығы,оған ұзақ және белсенді өмір сүруді қамтамасыз етеді.Қазіргі уақыттағы әлеуметтік-экономикалық жағдай,тіршілік деңгейінің құлдырауы  және экологиялық қолйсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының,әсіресе,өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.

Жас кезінен аурушаң болған Поль Брэгг «Өзіңді- өзің жасай біл»деген қағиданы нық ұстанған.Ол ынта-жігерінің салауатты өмір сүруге деген құштарлығының арқасында барлық ауруларды жеңіп,денсаулығы мықты болып өмір сүрген.Әр адамның денсаулығы өз қолында.Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды.Салауатты өмір салтына денешынықтыру,спорт,дене тәрбиесі,туризм,табиғатқа серуен жатады.Кешкі тамақтан соң,таза ауада бір-екі сағат серуен құрып,ұйықтаудың пайдасы зор.Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн.Табиғаттың бізге бергенінің барлығын дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын салауатты өмір салты деп ұғамыз. «Салауатты» сөзінің мағынасы «Парасатты,байыпты,ақылды,ойлы және зерделі» деген ұғымды білдіреді.

Еліміздің кез келген азаматы салауатты  өмір сүруі үшін парасатты, зерделі, білімді болуы керек. Ғылымның дәлелдеуі бойынша,адамның өмір салты оның денсаулық жағдайын жартылай қамтамасыз етеді.Адам үшін салауатты өмір салтын ұстану-мақсат. Дәмді тамақтану-мақсат,бірдеңені істеу-мақсат.

Мақсаттар көп, ал уақыт пен күш шектеулі.Таңдауға тура келеді. Мақсаттар бәсекеге түседі. Біз Қазақстан Республикасының болашақ азаматтары,

Денсаулығымызға жастайымыздан қамқор болуымыз қажет. «Дені сау адам-табиғаттың ең бағалы туындысы» деп Т.Корлейль атап көрсеткен.Табиғат төрінен жоғары сатыда орнын алған біздерде тек күшті денсаулық болу керек.Барлығымызға ой салатын мәселелердің бірі-орта экологиясының бұзылуы,адам денсаулығына кейбір технологияның және басқа да факторлардың әсер етуі болып отыр. Осындай салдар әсерінен адамның физиологиялық,психологиялық және адамгершілік қасиеттері мен денсаулығының бұзылуына әкеп соғады. Сондықтанда да біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек.

Қорытындылай келе, 21 ғасыр азаматы білімді,техниканы толық меңгерген, білікті,жан-жақты болуымен қатар салауатты өмір салтын сақтайтын жоғары парасатты болуы тиіс.Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ылталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated