Денсаулық қарапайым сөз болғанымен, мағынасы деннің саулығы екенін бәріміз білеміз. Алайда, бұл сөздің мағынасына ғана мән беріп, жеңіл жауып қоюдамыз. Заман техника дәуіріне айналып бара жатыр. Бұрынғыдай доп теуіп, асыр салып ойнаған балалар да жоқ. Ересек қауымның өзі телефон, интернет торына байланып қалған. Бәріңе топырақ шашудан аулақпын, «денсаулығым-байлығым» деушілердің қатарыда бар. Әр затты орынды қолданса, бұндай үлкен проблеманың ішіне енбес едік. Электронды техникадан басқа темекі, арақтың зияны қаншама десеңізші?! Ата-ана кішкентай кезден сәбилердің бойына салауаттылықты сіңіріп, тәрбиеге қатты көңіл бөлгені абзал. Денсаулық пен уақытты кері қайтару мүмкін емес.

Сол үшін бүгіннен бастап күндізбе жасап алыңыз. Таңертең самал жел, таза ауа, табиғат алаңында дем алып жүріңіз. Осындай 15 минуттық серуен сізге бір күнге энергия береді. Ал салауатты өмір салтын ұстау бірнеше бөліктен тұрады. Спорт, ас мәзірі, тіпті көңіл-күйдің бәрі денімізге әсер етеді. Менің түсінігімде, салауатты өмір салты ол- қуат, белсенділік, тазалық. Қазақ деген аттың құлағында ойлап, көкпар тартысқан халық.  Жал-жая жеп қана қоймай, жетіата толмай қыз алыспаған дана ұрпақпыз. Ата-бабамыз ірі салт кісілер болған. Әрине, ол спорт пен әл-ауқаттың арқасы екені анық. Бұдан басқа шұбат,қымыз ақ тағамдарды айтпай өту мүмкін емес. Көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотель: «Жанды дене қозғалмаса өледі» - деген екен. Тіпті Елбасымыздың Жолдауында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі көрсетілген. Бұл жолдау келешек егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алғашқы қадам десе де болады. Бірақ әр адамзат баласы сауатты өмірді әртүрлі қабылдайды. Таңдау басқа ,өмір сүру қағидалары да бір бөлек.  Қазіргі таңда,  денсаулық марофондары да жиі өткізіліп, әртүрлі сайыстардан жарыстар өткізіліп жатыр. Мектеп оқушылары, студенттер, ата-аналар, тіптен қариялардың өзі осы жарыстарға қатысып, бой шынықтырып  жүр. Болейбол, футбол, теннис,т.б жарыстардан ерекше жарыс түрі қазақтың көкпар ,бәйге , ат жарыс, құс салу сынды жарыстарын өз көзіммен көріп , байырғы ата-бабамыздың мықтылығына мақтана марқайып қараймын. Әрине, уақыт өткен сайын заман өзгеруде. Қазіргі таңдағы ең бір ауқымды мәселе ол техникаға сеніп, дене қозғалысы бәсеңдеп қалуы. Экологиялық тазалыққа дем бермей отыруымыз. Көзге көрінбесе де әр адам өз ауласын қоқыстан тазаласа, менің жұмысым емес деуші азайғанда ғана біздің қоғамға көмегіміз тиеді. Қоғамға көмек тигені өзіміздің саулығымыздың кепілі. Оны жылы жауып қоюға болмайды. Қоршаған ортамыз, қала маңы қоқыстан тазартылмай жатқаны қынжылтады.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, менің осы  орайда айтарым әр сенбі 2 айда бір ауланы тазартуға халық ерікті түрде шығатын болса, бұл проблеманың да шешемі оңалар еді. Экологиялық тазарту мүлдем жоқ дей алмаймын , осы орайда «Жасыл ел» қазіргі таңда, өте қарқынды жұмыс жасауда. Алайда, біз қоршаған ортамызды бірігіп қорғамасақ, болашақ таза ауа, таза суды қолдануы екі талай. Жылдар өтеді, ал ғасыр тоғысына  керемет табиғатты жеткізу біздің қолымызда екенін есте сақтау керек. «Тән сұлулығының тамыры – тазалықта, жан сұлулығының тамыры – тән саулықта» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, біздің таңдауымыз салауатты өмір салты. Адам денсаулығын қалыптастыру және нығайту – медицинаның ғана емес, сонымен бірге барлық оқыту мен тәрбиелеу, білім беру жүйелерінің негізгі мақсаты мен міндеті. Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ. Ия, Адамзаттың құзіреттілігінде  өте көп дүние бар. Мысалға, жануар өз корегін ғана іздейді, өсімдік өніп шығады. Ал, адамдар екі қолдың күшімен сарай салса, ойлау қабілетімен әлемнің бар байлығын игеріп отырмыз. Сөйлеп, көрмеседе, жүріп күлмеседе өсімдік пен жануар табиғат тепе-теңдігін сақтауда.

Біз адамзат осы байлығымызды дұрыс қолданып, саналы түрде әрекет етуіміз қажет. Ол үшін деніміз сау, ауламыз таза болғаны абзал. Тазалықтан басқа, спортпен ойналысу біздің иммунитетіміздің қалыпты болуы да ауадай қажет. Жеке гигиена сатысына келер болсам, әр адам үлкен қоршаған орта тазалығын ұстау үшін алдымен өзінің жеке бас гигиенасына мән беруі керек. Молекуладан атом түзілетінін бәріміз білеміз. Дәл осы формуладан бастау алсақ орынды жүйе құрылады. Жүйе дегеніміз анық , айқын, ретті түрде шекарасы бар ауқымды жұмыс қабілеттілігі. Жеке гигиена ең әуелі сүлгі, тіс тазалығы,киім, жуыну әдісінен бастау алады. Бұл тәртіпті дүние есігін ашқан сәби, жеткіншек, жасөспірімнің санасына күнделікті істелетін құбылыс ретінде енгізі ата-ананың қолында.

Тазалық жоқ жерде микроп өте көп болады, оның салдары түрлі ауруға әкеп соғары анық. Ішімдік пен нашақорлықтан келетін зардап әлде-қайда ауыр. Жасөспірім балалардың соның ішінде мектеп оқушылары қызық көріп, осындай зиянды заттарды қолдануда. Компьютерлік ойындар ойнап, психологиялық ауытқуға ұшырағандар да бар. Әрине әр заттың қолдану реті бар. Маған қатысы жоқ, менің басымдағы проблема емес, есті бала болса дұрыс жүреді-деген ойдан аулақ болу керекпіз. Қоғамдағы мәселе ертең сенің де бірінші проблемаң болуы мүмкін. Сондықтан бала тәрбиесіне қазірден ден қойып, қатаң түрде бәріңе шектеу қоюмыз керек. Шектеп бар, афиша, зиян заттардың сыртында жазылған жапсырма суреттер, жоқ емес бар. Алайда, бұл жеткіліксіз өте көп тренинг сабақтар өткізу керек. Заман тез өзгеруде адам баласы осы орайда жылдам сол кезеңмен, ненің дұрыс,бұрыс екенін аңғаруы тиіс. Дені сау  ұрпақ ертең біздің болашағымыз. Денсаулық- баға жетпес байлық.  Табиғат заңымен қолда бар алтынды бағаласақ, ең мықты мемлекет, ең мықты жамағат боламыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated