«Бірінші байлық-денсаулық»
Халық даналығы.
Қазақ халқы қашанда дана да дара халық. Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздік тізгініне де жетіп өз алдымызға жеке мемлекет болдық. Еліміз қай заманда болмасын жас ұрпақты еңбекке баулып рухани да тәни саулыққа беттеген. Соның ішінде «Он екі мүшең сау болса - жарлымын деме»,- деп халқымыз денсаулықтың адам өміріндегі орнын, тән сұлулығын, жан тазалығын еш нәрсемен айырбастауға, теңестіруге болмайтынын ұрпақтарына ескертіп отырған. Сол үшінде біз жас ұрпақ ата-бабамыздан қалған сөз бен іс насихатын осы уақытта жүзеге асыра отырып, өз денсаулығымыз үшін салауатты өмір салтын ұстануымыз қажет.
Салауатты өмір салты - адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн.
Салауатты өмір салты -тек спортпен ғана айналысып, оның түрлерімен ғана шұғылдану емес, ортаны таза ұстап, зиянды әдеттерден іргені аулақ салып, бос уақытты тиімді пайдалану болып табылады. Сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыру- балалар мен жастарда өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдысын, ағзаға тамақтану тәртібін орналастыруға, дұрыс тынығумен қатар ағзаның жұмыс қабілетін арттыруға, қоғамдық пайдалы еңбекке, мәнді де мағыналы өмір сүруге баулиды. Жалпы алғанда Салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін төмендегі талапты орындап ылғи жадымызда ұстауы қажет.Ол небәрі 7 қағидаттан тұрады.
1.Айқын жасалған күн тәртібінің болу.
2. Дұрыс тамақтану.
3. Дұрыс тынығу.
4. Дене еңбегімен шұғылдану.
5. Таза ауада болып, күн көзінде серуендеу.
6. Зиянды әдеттерден сақтану.
7. Дұрыс қозғалыста болу.
Барлығымызда қоғамдық ортаны бала бақшадан, мектеп қабырғасынан, жоғарғы және арнаулы ортадан бастадық. Онда барлығымызда дене шынықтыру сабақтарын өттік. Ол сабақ бір жағынан қызықта қиын болғаны мен біздің мемлекетіміз үшін пайдалы сабақ болып табылады. Себебі ұлт саулығы-ел ертеңі. Біздің саулығымыз елімізге тигізген орасан зор пайда. Деніміз сау болса ұлтымыз үшін кез-келген сынақты тапсырмалар мен жұмыстарды сәтті бастап, аяқтарымыз да сөзсіз. Сол үшінде ұлттың басты байлығы –адамның денінің саулығы. Дені сау тұлға өмір жолында да салауатты отбасы құрары да анық. Сол үшін отбасының саулығы қоғам мен бүтін мемлекеттің саулық негізі болып табылады. Қазіргі таңда өмір сүру ұзақтығы адамзат қоғамында төмендегені көрінеді. Бұл қазіргі таңның шындығы. Нақтырақ айтқанда адамадардың қимыл қозғалысының аздығы бір орнында сағаттап отыру, жүрудің аздығы түрлі ақпараттармен тапсырыстарды тек бір ғана гаджет арқылы жасау сонымен қатар өз денсаулығына деген салғыртттық немқұрайлық қомағайлық сынды әдеттер салауатты сананың төмендігі жалқаулық, қызығушылықтың жоқтығы сынды себеп болып отырғандығы айқын.
Бұл үшінде еліміз азаматтарымыздың денсаулығына алаңдап түрлі іс-шаралар ұйымдастырып жатқаны да жасырын емес. Әр апта соңында сенбіліктер түрлі эстафеталар сондай-ақ спорттық үйірмелер жұмысы жастарға арналған ән-би кештері сынды жобалар жасалынуда. Олар нәтижелі болып жатқандығы да бізге мәлім. Бұл тұрғыда салауатты өмір салтын ұстанушы ретінде айтарым бұндай жобалардың азайғаны болмаса көбейгені керек деген ұмынысым бар. Жалпы күнделікті қимыл қозғалысқа келсек қарапайым мысал ретінде мен ауыл тұрғыны ретінде ауылдастарымды алар едім. Таңмен бірге жарыса оянып, таза табиғат аясында күнделікті күйбең тіршіліктерін бастайды. Күн соңында шынайы дене шаршағанын сезініп тамаша дене демалысын яки түнгі ұйқысын таза саналы түрде күнді қорытындылайды. Тамақтануға келер болсақ түрлі табиғи өнімдерді пайдалана отырып сапалы тағаммен қоректенеді. Әрине бұл тек ауыл тұрғындары ғана салауатты өмірді ұстанады деген сөз емес қала тұрғындары да түрлі спорт алаңқайлары мен қатар спорттық залдарға баратыны мәлім. Бұл әркімнің өзі үшін жасалып жатқан сапалы өмір жемісі деп білемін. Осындай сапалы өмір желісінен тәтті де балғын жеміс жеу бағалы балғын өмір кепілі екендігі анық. Сол үшін адам қай жерде болмасын адам алдымен өз саулығын, өз саулығы арқылы ұлтының саулығы үшін әрдайым спортпен айналысу керек. Спорт тек белгілі залдар мен мекемелерге бару емес күнделікті өмірде жаяу жүру дұрыс тамақтану бос уақытты тиімді пайдалану арқылы салауатты өмір сүруге болады. Өмір сүру ұзақтығы бойынша әлем таныған ұзақ өмір сүретін мемлекет Жапондықтар. Олардың құпиясы ол таңертеңгілік жаттығу болып табылады. Өзгеру қашанда бір пәсте сол үшін осындай қарапайым қимылдар мен нәрселерді ұмытпай жасауда өз септігін тигізетіні мәлім.
Бұл аталғандар сапалы өмірдің санаулы бірліктері деп білемін. Қазіргі таңда спорт секцияларында жас буынның қатары көбейгені мені қатты қуантады. Оның қатарында менде бармын. Менімен түрлі жастағы азаматтар өз денсаулығын күтеді. Мен осы адамдармен мақтанып қоймай еліміздің туын шет елге танытып жүрген спортшы азаматтарымызды да зор мақтаныш етемін. Қазақстан спорттың қай саласы болмасын өзіндік жетістіктері баршылық. Бұл әлем көзқарасында салауатты өмір сүретін мемлекет екендігіміздің кішкенеде болсын дәлелі екендігі айқын.