Жоспар
1.Кіріспе
Салауатты өмір салты дегеніміз не?
2.Негізігі бөлім
1.Ол қандай ережелерден тұрады және оны қалай ұстанамыз?!
2.Көшпенділер заманы мен бүгінгі салауаты өмір салтының ұштасуы
3.Исламмен қуатталған салауатты өмір салты
3.Қорытынды
Сау ұрпақ – болашақ баспалдағы
Барлығымыз білетіндей қазіргі өмір стресстік және хаотикалық болғандықтан, біз депрессияға жиі түсеміз. Ондай жағдайлардың қоғамда орын алмауы үшін, біз жолдарын қарастырудамыз. Яғни, оның бір шешімі: « салауатты өмір салтын сақтау ». Жалпы, салауатты өмір салты дегеніміз – белсенді өмір салты, дұрыс тамақтану, жаман әдеттерден аулақ болу, туризм, спорт және дене тәрбиесі ғана емес, сонымен қатар жеке бастын гигиенасы сияқты адамның күнделікті өмір сүру қағидалары жатады. Бұндай қарапайым өмір ұстанымдары жай болып көрінгенімен, адамға тигізетін пайдасы зор. Бүкіл Дүние Жүзінің Денсаулық сақтау ұйымдарының пікірі бойынша адам денесінің 10% - і дәрігерлердің қолдауыны мұқтаж екен, ал қалған 90% - і қоршаған ортаның әсеріне, яғни дұрыс тамақтану, жеңіл жаттығу, таза ауада серуендеу және басқада қимыл қозғалыстарға тікелей тәуелді болады. Енді осы ұғымдарға жеке-жеке тоқталып өтсек.
Спорт – бұл салауатты өмір салтын ұстануға ең жақсы тәсіл. Яғни, стрессті азайтуға, денсаулықты жақсартуға, ағзаның және мидың қызметіне үлкен көмек берері анық. Соның ішінде серігіңізбен жаттығу жасауға немесе серуендеуге болады. Егер сіз достарыңызбен жаттықсаңыз, одан да көп рахат алып, серігіп қайтасыз.
Дұрыс тамақтану – бұның да рөлі өте зор. Біз үнемі уақытылы, дұрыс тамақтануымыз керек. Жаңа және пайдалы тамақтарды таңдап, жеміс-жидектер, көкөніс, сүт, айран сияқты табиғи өнімдер пайдалануымыз керек. Зиянды, фасфуд тағамдар мен газдалған сусындардан, алькаголдік сусындардан бас тартатын болсақ, салауатты өмір салтын сақтауға басты жол болатын еді.
Жаман әдеттерден аулақ болу – әрине адамзаттың өз өмірі өз қолында екені белгілі, алайда , әр табиғат иесі өмір салтын ұстануына немқұрайлы қараса, жеке басы мен қоршаған ортағада шығын әкеледі. Соңғы жылдары, болашақта сенім артып отырған жастардың ішімдікке салынуы, құмар ойындары, темекі, кальян, анаша иіскеу сияқты адам ағзасына зақым келтіретін зиянды заттарды пайдалануы еліміздің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Мен осы тұрғыдан өзімнің салауатты өмір салтын ұстанудағы « жеті ережеммен » бөліскелі отырмын. Біздің бір күніміздің керемет, көңілді өтуі үшін, әрине таңнан бастауымыз керек.
- Ерте тұру. Ол адамның көңіл-күйінің көтеріңкі жүруіндегі басты себеп және түрлі ауру-сырқаудың алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ , таңертең таң намазға уақытылы тұру, яғни ғылыми деректерге сүйене айта кеттін болсақ адамға жеті сағат ұйқда жетеді. Ал ұйқыдан тұрғанда міндетті түрде жуынамыз, яғни, дәрет аламыз, өзімізді микроптардан тазартамыз. Тазалықта салауатты өмір салтының бір бөлшегі.
- Терезені ашып, бөлмедегі ауаны тазартып тұру. Бұл мидың тынығуына көмектеседі. Әсіресе таңғы уақытта және кешке ұйқыға жатар алдында терезені ашып, ауаны тазарту арқылы, көптеген сырқаттың алдын алуға болады.
- Таңғы жаттығу. Адамның күні бойы сергек жүруіне көмектесіп, артық салмақтан арылуға да ықпал етеді. Оған қоса барлық дене мүшелердің қимыл-қозғалысын да әсері бар. Мамандардың айтуынша жаттығуларды таңғы сағат бес пен сегіз арасында жасаған жөн екен. Себебі, сол аралықта адам ағзасы тынығып, қайтадан жаңарып, ойлау қабілеті жақсарып, миы тез жұмыс жасап, белсенділіктерге дайын тұрады екен.
- Асығыс түрде, аз мөлшерде ішілген су, әсіресе, тұрып ішілсе ол пайдасына қарағанда зиянын тигізеді. Сондықтан міндетті түрде бір стакан ды толтырып, отырып, асықпай ішу керек. Дін тұрғысынан алып қарайтын болсақ: Пайғамбарымыз (с.а.с) суды тұрып ішуден қайтарған. Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген бір хадисте, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) « Ешкім тұрған күйінде су ішпесін! Кім ұмытып, ішкен болса, құсып тастасын!» - деген екен. Бұны жалпы ғылымда да дәлелдеген.
- Таңғы асқа жеңіл, әрі дәрумендерге бай тағам жеу керек. Сонымен қатар суды тамақтан 30 минут бұрын ішуді әдетке айналдыруы қажет. Уақытылы ішілген таңғы ас, күні бойы сергек жүруіңізге ғана емес, күні бойы тамағыңыздан 20-30 калориге дейін азырақ тұтынуға көмектеседі.
- Өзіңе көңілдің толуы үшін, жеткілікті деңгейде уақыт бөлуін қажет. Олар арқылы өз-өзіңе деген сенімділікті арттырып, күні бойы көтеріңкі көңіл-күйде болады.
- Салауатты өмір салтын сақтаудығы менің жетінші ережем - жаяу жүру. Жаяу жүру тек жаттығу ғана емес, тыныс алу жолдарын тазартып, ағзаға үлкен пайда береді. Сіз менің бұл ережелерімді мұқият орындасаңыз, сіздің салауатты өмір салтыңызға себепкер болады.
Адам баласына Алланың берген сыйы шексіз, олардың ең бастысы- денсаулық. Біз денсаулығына мән бере білген, ат жалында, қозғалыста жүрген халықтың ұрпағымыз! Көшпенді ата-бабаларымыз азық етер тамағында салауатты өмір салтымен ұштастырған. Олар таудағы таза бұлақтан сусындап, жайлаудағы жасыл шөп тамырын азық қылған жануарлар етімен, сүтімен күш жинап, әр маусымда өзіндік қозғалыспен қамтылған ойындармен, мергендік пен жылдамдықты талап ететін аңшылықпен, ой ұшқырлығын дамытар айтыс секілді сайыстар мен көңіл тербетер күйлермен өзара рулар болып жарысып, шыныққан. Соның нәтижесінде халыққа төнген соққыларға намысты ер абтырларымыз « ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен » елге қорған бола білген. Сонымен қатар бірнеше жылдар бұрынғы қарапайым өмірдегі садақ ату, бәйге, күрес, т.б. ойын түрлерін жаһандану заманындағы спорт түрлеріне алмастырып сырттан кірген футбол, теннис секілді спорт түрлерімен ұштастыра отыра салауатты өмір салтын сақтай білді. Біз сол салауатты өмір салтын өзіндің сырларымен сақтай білген батыр ұлттың ұрпақтарымыз!
Батыр ұлттың осыншама ғасырлар бойы мәдениет, өркениеттен бұрын салауатты өмір салтын сақтауы Аса Мейірімді Алланың халқымызға бкрген үлкен нығметі. Осы себепті асыл дініміздің қайнар бұлағы да ұлтымызға орныға білген деп ойлаймын. Дені сау адамның тіршілігі мәнді, құлшылығы құнарлы болады.Денсаулық – Алланың аманаты.денсаулыққа күтіммен қарау Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеті. Салауатты өмір салтын ұстанудың бірден-бір жолы – тазалық. Тағылымы терең хадис беттерінде « Тазалық – иманның жартысы » -, деп келеді. Себебі адам баласының табиғаты рухани байлыққа мұқтаж. Дінімізде мұсылманның күнделікті бес уақыт намазда қимылдауы да адам денсаулығына мол септігін тигізетіндігін біршама ғалымдар дәлелге келтірген. Ғалымдардың пікірінше адам денсаулығының сау болуына дұрыс ұйқы режимінің сақталуы да үлкен рөл атқарады екен. Қасиетті Құранда Нәбә сүресінде 9-10 аяттарында « Ұйқыларыңды тынығу еттік. Түнді жамылғы еттік. »,- дейді. Біздің өмірімізге не пайда не зиян ененін өзімізді жаратқан Алла Тағаладан артық ешкім білмейді. Салауатты өмір салихалы ғұмырлы адамзаттың асыл тәжі Алла Елшісіне ( Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын ) ғана тән нәрсе екендігі баршамызға аян. Алланың ең сүйікті құлы Пайғамбарымыз (с.а.с.) мисуак ( тіс тазалағыш зат ) жиі қолдануы, жиі дәрет алуы, тамақты биссилмамен бастап, оң қолмен жеуі, жылдам жүруі осы секілді қаншама сүннеттерін бүгінгі таңда бүкіл әлем болып салауатты өмір салты деп ұстанып жүрміз. Ендеше, сүйікті Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тек дінді ғана насихаттап қоймай, өз үмметіне салауатты өмір салтын сақтауға шақырғандығын аңғарамыз. Сол себепті баршамыз салауатты өмір салтын әдетке айналдырғанымыз жөн болмақ.
Сөзімді қортындылай айтатын болсам, Қазақстанның ертеңгі болашағы біздің, яғни жастардың қолында. Ата-бабамыз сонау жыл арқалап келген тәуелсіздігіміз бен абыройымызды желбірей ұшқан көк жалау секілді тіу ұстау біздің мойнымызда. Ол үшін дәл қазіргі сәттен бастап өмірлік ұстанымызға жауапкершілікпен қарап, саналы ұрпақ ретінде салауатты өмір салтын бейбіт ел, бейбіт халық, бейбіт республика болып ұстанайық. Қазіргі кезде елімізде салауатты өмір салтын ұстану үшін барлық жағдай жасалған. Біздің мақсатымыз – тек соларды ұтымды пайдалану. Дені сау адам табиғаттың жемісі емей немене? Саналы көзбен, пікірмен қарасан, барлығы келіп денсаулыққа тіреледі. Олай болса, денсаулығымызды тек дәрігерлерге сеніп, қосымша жүк артпай, барлығын әмбебаб тұлға ретінде өз мойнымызға артайық. Бүгін жасаған жұмысыыздың жемісін ертең көреміз емес пе? Алланың қалауымен болашақта қазақ деген дені сау ұрпақтың көп болуыннан үміттенемін. Шығармамның түйінін Абай атамыздың « алтыншы қара сөзімен» аяқтасам:
« Кеселді жалқау, қылжақбас,
Әзір тамақ, әзір ас,
Сыртың – пысық, ішін – нас,
Артын ойлап ұялмас,- болып, жүріп тірімін деме, онан Алла жіберген ақ бұйрық өлімнің өзі артық».