Әрбір мемлекеттің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.  Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы және жарқын болашағымыздың кепілі.

Сондықтан, « Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың  жолын  ізде» деген мәтелді,қазірден  өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершіліктерін  қалыптастыру баршамыздың  адамгершілік борышымыз деп ойлаймын. Ұрпағымыздың дені сау болып өсуі үшін оларды жастайынан спорт үйірмелеріне берген абзал. Себебі, баланың қазірден денсаулығын қадағалау, ертеңгі оның өміріне алаңдамау. Және де бала денесін шынықтырумен үнемі айналысу оқушы жастардың бос жүрмеу проблемасын шешудің, жат қылықтардың көрінісін болдырмаудың да тиімді жолы.Бүгінгі дені сау ұрпақ , елдің ертеңгі жалғасы. Өркениеттік және заманауи  даму жолында келе жатқан егеменді  еліміздің  ертеңі – халқымыздың саулығына тікелей байланысты. Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына әсер етеді. Денсаулық – ел дамуының басты арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі ең маңызды мәселелердің бірі. Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның да басты байлығы – денсаулық.Сол алтыннан артық байлығымыз  денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойлауымыз қажет екенін естен шығарып алмауымыз керек. Дені сау халық – бай халық.Халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, өзіне  аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай  биік көтеріп жүрері анық нәрсе.Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты.

Халқымыздың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы елбасының жолдауларын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.

Адамзат баласы  жанының тыныштығымен мен тәнінің амандығын  ойлап, өзі үшін де  және өзгелер үшін де денсаулығына бей жай қарамауы керек. Неге бұлай айтқанымның өз себебі де бар. Дені сау адам,өзі өмір сүріп жатқан қоғам үшін  де пайдалы істерді атқара алады,яғни қоғам үшін де керек. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Дегенменде, сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесе, ғұмырының текке өткені. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, салауатты өмір салтын сақтанғанымыз жөн.
Меніңше, Шопенгауердің « Дені сау кедей – ауру корольден бақытты »,- деген қанатты сөзі өте орынды айтылған. Оған қоса «Дені саудың – жаны сау» -дейді біздің дана халқымыз. Яғни, адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - өзін-өзі сыйлағаны. Табиғаттың берген сыйы, өз тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына дейін денсаулығы зор болып, адам атына кір келтірмей өту әрбір адамның өзі және ел алдындағы міндеті.

Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші  шарты болып табылады. Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты болары анық. Өміріміздің өз қолымызда екенін кейде ұмытып та кетеміз. Бірақ біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал! Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухты шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.

Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Оған қарамастан алғашқы президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында, азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін дені сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта еліміздің білім беру орталықтарында жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жас ұрпақты тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

“Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған. Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.

Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуына және мұндай ессіздіктерге баруына кедергі жасауымыз керек.Салауатты өмір салтын ұсынбаған мемлекеттің экономикасы  да құлдырайтыны сөзсіз. Ауру адам қандай іс бітірмек дейсіз?! Сондықтан салауатты өмір салтын сақтау,мемлекетіміздің бір мақсаты болуға тиіс. Жасыратыны жоқ бүгіндері елімізде  қауіпті нашақорлықпен айналысатындар саны өсіп барады.

Әсіресе кәмелетке толмағандардың әлгіндей қатерлі дертке әуестене түсуі қатты ойландыруы тиіс. Қазақстан Республикасы бойынша 47 мың адам есірткіні қолданатындар тізімінде екен. Статистикаға көз жүгіртсем, Қазақстан жерінде жеңіл есірткіден гөрі өте улы түріне көбірек сұраныс көп. Яғни, елімізде есірткіні көп пайдаланатын нашақорлар саны қарқынды өсіп келе жатыр. Тағы да айтарым, өкінішке орай көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға жауапты емес, немқұрайлы қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты көзқарас қалыптасқан. Дәрігерлер қанша ескертсе де жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі тартады, насыбай атады, салынып арақ ішеді.

Жас кезінен аурушаң болған Поль Бреггтің «Өзіңді өзің жасай біл» деген қағиданы нық ұстана отырып,ынта-жігерінің салауатты өмір сүруге деген құштарлығының арқасында барлық ауруларды жеңіп, денсаулығы мықты болып өмір сүргенін біреу білсе, біреу білмес.

Дегенмен,осындай ерекше жандардың өмір жолдарынан көп нәрсені үйрену керек сияқты. Ия, кісенің болса да өз денсаулығыңыз өз қолынызда. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды.Салауатты өмір салтына дене шынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн.

Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкені дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.

Арақтың орнына қымыз бен қымыран ішіп, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүргеннің не зияны бар? Өзім секілді жастарға есірткіні және өз денсаулығыңа зиян келтіретін заттарды пайдаланба,оның орнына көңіл көтеретін мәдени көпшілік орындарына,тауға  баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолына түсіп, жылына бір келетін оразаны тұтса, оның  тәртібін сақтаудыңда артықщылықтарымен пайдасы өте көп. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ деп ойлаймын.Әрбір адамзат баласы табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуі керек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады.  Адам өзін өзгеден кем сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады.Сондықтан әрқашан жақсы нәрселерді ойлауға тырысу керек.Халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.Қазақстан егеменді ел болып құрылғанына 30 жылға таяу уақыт болды.Сондықтан егеменді еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болсын десек, әр азамат өз денсаулығын күтіп,сақтаудан бастауы керек. Жаңа ғасыр табалдырығынан аттаған болашақтың тағдыры – оның денсаулығында. Ұлы Абай атамыздың «Бес нәрсеге ғашық бол, бес нәрседен қашық бол» қағидасын берік ұстап, ертедегі ата-бабаларымыздың әсерлі сөз мәйектерімен жеткізе білген денсаулық жайлы ойларының қадірін түсіне білу арқылы өз өмірізде пайдалансақ одан артық қуаныш болмас еді.

Сау дене, азат ақыл, адам көңіл,

Үшеуімен бақытты  болады өмір, - дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated