Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты
Артур Шопенгауэр
Салауатты өмір салты - тән мен жанның саулығын сақтау мен нығайту үшін жасалынатын әрекеттер жүйесі. Ал, денсаулық – оның қарастыратын басты обьектісі. Кез-келген елдің ертеңі денсаулықпен тікелей байланысты. Өйткені дені сау ұрпақ ертеңгі болашақтың кепілі және мемлекеттің басты қозғаушы күші.
«Дені сау кедей – ауру корольден бақытты» - деп, Артур Шопенгауер айтып кеткен даналық ойдың астарында үлкен мән жатыр. Себебі, денсаулық – адам өміріндегі теңдессіз баға жетпес құндылық. Демек, адам өмірінің басты шартыда осы денсаулық. Денсаулық – елдің дамуындағы басты құрылымдық бөлшек. Денің сау болмай, өзіңді бақыттымын деп санама.
Соңғы кездері салауатты өмір салты жайлы кеңінен әңгіме қозғап, тынысымызды тереңінен алып келеміз. Бұл да бір нәтиже болар. Өйткені Елбасының «Қазақстан-2030» Мемлекеттік даму стратегиясында дене тәрбиесі туралы: «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған»,-деген жоспарында салауатты өмір салтының нақты бағыт-бағдары айқындалған болатын. Ал, одан кейінгі жылдарда қабылданған «Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс»-деген Елбасының Қазақстан-2050 Стратегиясында мемлекеттің дамуындағы басты күш-денсаулық болып саналады. «Аймақтарда қазіргі уақытқа дейін қарапайым медициналық қызметтерге қол жеткізу қиын болып отыр. Осы салада жұмыс істеуді жалғастыру маңызды. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері менің жіті бақылауымда», - деп қазіргі президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халқымызға жылы лебізін білдірді. Мінекей, мемлекет басшыларының өзі салауатты өмір салтын ұстана отырып көздеген стратегиялық жоспарларды жүзеге асыруды басты мақсат етіп алған. Өткеннен қалған мынадай өнегелі сөз бар: «Жас кезімде денсаулық екеуіміз байлықты іздеп жүретінбіз, ал қазір, байлық екеуіміз денсаулықты іздеп жүрміз»-деген екен. Осыдан анықтауға болатын біршама ой бар. Жас кезде денсаулықтың қадірін білмесең, қартайғанда обалыңды кім білсін !?
Қазірде мемлекет төңірегінде денсаулықты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға байланысты түрлі іс-шаралар жүргізіліп жатқандығы бәрімізге мәлім. Алайда таяқтың екі ұшы болатыны секілді назардан тыс қалып жатқан мәселелерде аз емес. Мәселелердің бергі бетінде тұрып біршама істі тындырып жатқанымызда заманда өз дегенін қоғамға жасатып жатқандығы анық. Ол сол баяғы денсаулыққа салғырттық, тазалықтың сақталмауы, адам өміріне зиянды заттарды қолданылуы, зиянды тамақтарды тұтыну бәрі дерлік салауатты өмір салтының бұзылуына себеп болып жатыр. Ал, енді басты мақсатпен идеяға тоқталайық. Алғашқысы, қазіргі жастар көрсеқызарлыққа бейім, сондықтанда менің ойымша көшедегі жарнама тақтайшаларымен, теледидар, интернет желісі арқылы таралатын зиянды ақпараттармен күресуіміз керек секілді. Оның орнына салауатты өмір салтына бастайтын қызықты да, жаңаша ақпараттарды тарату және жарнама тақтайшаларына іліп шығу. Екінші, ұсынылатын басты идеям спортта, өмірде жетістікке жеткен, өмірден өз орынын тапқан тұлғалармен кездесу, мастеркласс сабақтарын тегін, әрі көбірек ұйымдастыру. Үшіншісі, апта сайын ұйымдастырылатын спорттық жарыстар. Ал, соңғысы мемлекет көлемінде араға уақыт салып бірнеше күнді денсаулықты сақтау күні ретінде «Жаяу және велосипедпен жүру» күні деп белгілесе. Дәл сол күні мемлекет көлеміндегі қоғамдық көліктерден тыс, жекеменшік көліктердің жүруіне тыйым салынса. Бұл шешім бізді әлем бойынша салауатты өмір салтына басқан алғашқы қадамымыз ретінде ерекшелеп тұратын белгімізге айналушы ма еді !
Қазірде мемлекетіміз мәңгілік ел болу үшін ұмтылған көштің қатарында келеді. Біз, алғаш жаңа ғасыр табалдырығынан аттаған сәттен бастап ақ. Жаңа ғасырдың бізге дайындаған тосын сыйлары көп екендігін ішіміз сезді. Ол, ғасырдың бізге берген беделі мен індеті. Беделі - Қазақстан Ресубликасының жаһандық аренада бой көрсетіп танылуы болса. Індеті - жастарымызды жалқаулыққа, заманның кереғар даму сипатына алып бара жатқан ағыны. Міне осы секілді жағдаяттардан жастарымызды алып шығу біздің басты міндетіміз. Салауатты өмір салтын ұстанған халықтың болашағы белгілі. Тәрбиенің бастауы-тал бесіктен деген сөз бар. Денсаулық жайлы дұрыс ой-пікірді сонау бесікте жатқан балаға ананың әлдиі арқылы ұқтырсақ, бүгінгі жастарға үлкеннің ақылын тыңдату арқылы санасына салауатты өмір жайлы соның ішінде денсаулық жайлы құнды мағлұматтарды бере алатын секілдіміз. Ұлы Абай атамыз айтқан: «Сау дене, азат ақыл, адам көңіл» үш ұғымды біріктіре алсақ болашақта бізден бақытты халық болмас. Өмірге адам болып келгесін, адам болып кету басты міндетіміз. Оның барлығы айналып келгенде салауатты өмір салтына барып тірелетіні айдан анық жағдай. Өмірімізді мәндірек ету өз қолымызда !