Президент жүктеген міндеттер жүйелі түрде жүзеге асуда

Биылғы жолдауында Мемлекет басшысы күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерге тоқталып, шешу жолдарын ұсынды. Бұлар бір күннің ішінде туындаған мәселелер емес. Әсіресе, пандемияға байланысты әлеуметтік блоктағы мәселелер қордалана түскен болатын. Коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды.
Дегенмен, былтырғы жолдауда айтылған қаржы, экономика, денсаулық саласы, вакцинация мәселесі белгілі бір деңгейде нәти жесін көрсетті деп айта аламыз. Індетпен күресу шаралары дереу қолға алынып, Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған мемлекеттің біріне айналды. Екіншіден, педагогикалық бағыттағы бастамалар бойынша жұмыстар атқарылып, заңнамалар қабылданып, педагог мамандығына деген сұраныс артып, оны дайындайтын университеттерге талап қойылды.
Үшінші мәселе – цифрландыру. Осы күнге дейін, біз қандай да бір құжат үшін қағаз толтырып, сансыз есікті тоздыруға мәжбүр болатынбыз. Былтырғы жолдауда Мемлекет басшысы нақты тапсырма беріп, «Мұның бәрін толықтай цифрландыру керек. Адамдар емес, мәліметтер «зыр жүгіруге» тиіс» деген еді. Нәтижесінде, қағазбастылықтан барынша арылып келеміз. Төртіншіден, Президент биылғы жолдауда ауыл шаруашылығының мәселесіне жіті тоқталды. Ауа райының қолайсыздығы, қуаңшылық, жайылымдық жерді тиімді пайдалану бойынша нақты ұсыныстар айтылды. Шындығында, ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Одан өзге Мемлекет басшысы Ауғанстаннан келетін қауіптің бар екенін анықтап өтті. Бұл да қазір өте өзекті.
Биылғы жолдау барынша бүгінгі мәселелерді шешуге және 2025 жылға дейінгі бүкіл қоғамды кешенді стратегиялық жоспармен жұмыс істеуге үндеді десек те болады. Осыдан көріп тұрғанымыздай, Мемлекет басшысы берген тапсырма, қойған міндет орындалмай қалған жоқ. Тек осы ортақ істе жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін баршамыз атсалысуымыз керек.

Мақсат Жақауов, аймақтанушы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated