Американдық мектеп мұғалімдері қол тазалығына байланысты қызықты тәжірибе жүргізді. Тәжірибеге балаларда аса қызығушылықпен қатысты, себебі олар қолдарында қанша микробтың өмір сүретінін білгісі келді. Тәжірибе үшін оларға: нан тілімдері, герметикалық пакеттер, ноутбук, дезинфекцияға арналған қоспа, су және де сабын қажет болды. Тәжірибе қорытындысын балалар өздерінің Фейсбуктегі парақшаларына жүктеген.
Тәжірибе жүргізу идеясы Джарали Меткалф пен Дайна Робертсонға тиесілі. Олар тұмау мен салқын тию маусымында бұл тәжірибе балалар үшін маңызды деп санады.
Ноутбуктың пернетақтасын сүрткен нан тілімі
Бұл нан тілімін микробтар толығымен басып алған. Мұғалімдердің айтуынша олар жүйелі түрде ноутбукті дезинфекциялық сұйықтықпен тазалап тұрады, алайда микробтар оған қарамастан жиналып алатын көрінеді.
Ұсталмаған нан тілімі
Бұл нан тіліміне ешкімнің қолы тимеген, бірнеше апта өткен соң нан тілімі жеуге жарамды көрінеді.
Оқушылар лас қолымен ұстаған нан тілімі
Балалар сынып болып қолдарын жумай бұл нан тілімін кезекпен ұстап шықты. Нәтижесі көз алдарыңызда.
Жылы су мен сабын арқылы қолын тазалағаннан соң ұсталған нан тілімі
Бұл тілімде таңқаларлық нәтиже байқалады. Ыстық су мен қарапайы сабын таңғажайып қорытынды береді.
Дезинфекциялық сұйықтық арқылы тазаланған қолдар ұстаған нан тілімі
Дезинфекциялық құралдар микробтарды толыққанды жоймайтындығы анықталды.
Бұл тәжірибе қарапайым сабын мен судың таңғажайып тазалау құралы екенін дәлелдеді. Тәжірибе қорытындысы бойынша оқушылар қолдарын күнде сабынмен жуып жүретін және де басқа балаларға да өз жолын қууды кеңес беріп, Фейсбук парақшаларына бөліскен.