Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 адам тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
"Нұр-Сұлтанда тағы 14 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлаймыз. Олардың барлығы карантинге жатқызылды, диагноз расталды. Олармен байланыста болған адамдардың барлығы оқшауланып, карантинге жатқызылып жатыр", - деді министр Біртанов.
Жалпы есеппен Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 27 адамға жетті.