LRT ісі: бұрынғы басшы Талғат Ардан Түркияда іздестіріліп жатыр

Түркияда іздеу жарияланған Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Арданды анықтау және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сұрауы бойынша ІІМ Интерпол арналары арқылы іздеуде жүрген Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлады.

"Талғат Арданның Түркия Республикасы аумағында болу ықтималдығы туралы қолда бар ақпаратқа байланысты оны экстрадициялау туралы осы мемлекеттің құзырлы органдарына сұрау салу жіберілді (28.09.2019 жылы).

2021 жылдың 15 сәуірінде Түркияның Интерполынан Стамбулқаласының Бакыркөй қылмыстық соты экстрадициялау туралы өтініш негізінде Талғат Арданды (сырттай) қамауға алу туралы қаулы шығарғаны туралы ақпарат келіп түсті. Қазіргі уақытта Түркия аумағында іздеуде жүрген адамды анықтау және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Қазақстанның бас прокуроры

Тергеу барысында анықталған шығын сомасы 5,8 миллиард теңге болған, ал Сұлтанбеков пен Арданның тікелей ұрлаған үлесін анықтау мүмкін болмағандықтан, оларға қатысты қылмыстық іс жеке өндіріске бөлінген.

"Жалпы тергеу барысында іс бойынша 45 миллион теңгені өтелді. Өткізілген іс-шараларда бағалау құны 3,08 миллиард теңге болатын Сұлтанбековтің атына тіркелген мүлік (Алматыда салынған тұрғын емес үй-жайы бар пәтер мен жер учаскесі) белгіленді. Мүлікке тергеу сотының 22.01.2020 жылғы қаулысы бойынша тыйым салынды. Ардан да тыйым салынатын және тәркіленетін мүлік табылған жоқ. Қаржы мониторингі агенттігі мәліметінше, бұл адамдар мен олардың айналасындағы адамдардан ешбір мүлік, оның ішінде басқа елдердегілер де табылмаған. Шетелдегі активтерді алып қою немесе оның сыртында қандай да бір мүліктің болу деректері де анықталған жоқ", - деп қосты Ғизат Нұрдәулетов.

Дереккөз - Tengrinews

Талгат Ардан. Фото: alrt.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated