Олимпиаданы бір немесе екі жылға кейінге шегереді деген болжам бар. Коронавирустың әлемге таралуы осы жазда Токиода өтетін олимпиадалық ойындардың өтпеуіне себеп болуы мүмкін.
Daily Mail жазуынша, Олимпиаданы екі жылға кейінге қалдырады деп жоспарлануда. Мұндай шешім спорттық сайыстарды түгел тоқтатуға қарағанда дұрысырақ болмақ. Мұндай пікірді жапондық ұйымдастыру комитетінің мүшесі Харукуки Такахаши білдірген.
Оның ойынша, ойындардың шегерілуі Олимпиаданың толық өткізілмеуіне қарағанда қаржылық тұрғыдан аз шығын алып келеді.
Басылымның жазуынша, Олимпиада-2020 атқарушы комитеті ойындарды алдын ала белгіленген мерзімде, яғни 24 шілшде мен 9 тамыз аралығында өткізу керек деп есептейді.