ХЕҰ-ның Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін бюросының директоры Ольга Кулаеваның айтуынша, эпидемиядан кейін жұмыс бастаған кезде, лифтіге бір-бірден кіру, қызметкерлер арасындағы кем дегенде екі метр қашықтық сақтау, қызметкерлер бір ғимаратта тоғыспауы үшін үйден және кеңседе кезекпен жұмыс істеу кестесін жасау талабы сақталуы мүмкін. Сонымен қатар, ғимарат ішінде жүру маршруттары шектелуі мүмкін: мысалы, адамдар ғимаратқа бір дәлізден кіреді, басқа жолмен шығады.
"Алдағы жарты жылда не боларын айтар болсақ, мұның бәрі әлі де күшін жоймайды деп ойлаймын", - деп мәлімдеді Кулаева "Российская газетаға" берген сұхбатында.
Сондай-ақ, ол осы кезеңде еңбек инспекциясын күшейту және қызметкерлерді әлеуметтік қорғау шараларын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.