Театрдың жұмысы қашан басталары әзірге белгісіз. Дәл осындай себеппен қаладағы ірі көркем сурет галереясы "Брера" да жабылған, - деп жазады KAZ.NUR.KZТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ елде Венециядағы карнавал шұғыл түрде тоқтатылды. Қазіргі уақытта Италия басшылығы 1 наурызға дейін жоспарланған әртүрлі мемлекеттік, жеке, спорттық шаралардың барлығын тоқтатқан.
Ломбардия облысының губернаторы 100-ден астам коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген соң мектеп жұмысын тоқтататын қаулыға қол қойған.
Айта кетсек, Италияда пневмониясының жаңа түрін жұқтырғандар саны екі күн ішінде 132 адамға жеткен. Екі адам қайтыс болған. Елдің Ломбардия мен Венето облыстары коронавирус ошағына айналып отыр.