Соғыстың алғашқы жылдарында қиян кескі сұрапыл ұрыстар жүріп жатты. Мәселен 1943 жылдың қысқы кезеңінде Оңтүстік Батыс және Воронеж майдандарында жағдай бірқалыпты бола алмады. Неміс фашистері Харьков қаласын басып алды. Содан соң олардың соңғы үлгідегі СС танк дивизиялры Белгород тас жолына шығып алып, жанталас алға ұмтылды. Бұл кезеңдерде екі жақтан да шығын аз болған жоқ. Сол бір қиын қыстау тар кезеңде Кеңес әскерлері кейін шегініп, қорғанысқа көшкен – ді.
Осынау ауыр сн сағаттардың куәсі болған өткен жылы жүз жасқа келіп дүниден озған маңғыстаулық Наху Бақтыбайыұлы былай дегені бар;
- Біз 1943 жылдың қаңтар айында Харьковке таяу жердегі Соколово селосында соғыс қимылдарын жасап жаттық. Бірде батальон командирінің бұйырығымен екі – үш жауынгер болып таңда бірнеше шақырым жердегі орман ішіндегі «дала кухнясынан» тамақ әкелуге жанұшыра аттандық. Бірақ таң атар атпастан біздің шепке неміс танкілері, жаяу әскерін қалқалай оытырп кұтпеген жерден шабуыл жасағанын білдік. Келсек біздің окопта тірі жан қалмапты. Бір батальон солайымен жоқ. Жау танкілері біздің жауынгерлерді табандарымен таптап кете барыпты. Мен қасымдағы жерлесім, Шетпелік Қоңыр деген жігітті іздедім. Бірақ өліктердің ішінде жоқ болып шықты. Тұтқынға түсіп қалған болар деп топшаладым. Сол жоқтан жоқ, көз жазып қалдым. Өлі – тірісін бүгінгі күнге дейін білмей келемін.
- Көргенін қалт жібермейтінін, естігенін ұмытпайтын адам еді.
Жоғарыдағы әңгімені қапыда айырылып қалған жауынгер жолдасы Қоңыр туралы оның Қарақия ауданы, Жетібай кентінде тұратын Тілекбай Қоңыровқа айтқан.
Сол Тілекбаймен ойда жоқта біз өткен жылы сәуір айында кездесе қалдық. Бұл сары өңділеу келген, қайың денелі, сұйықтау қара қасты, сөзі ұстамды, оқтын – оқтын әзіл шыны аралас қуақылана да сөйлейді.
- Тілеке, Сізге бір алыс жақтан хабар болды деген ұзын арқан хабармен келдік.
- Ол, рас. Таяуда осы Жетібайдағы бір қарындасым екі кештің арасында қуана күліп келе қалды.
- Аға, сіздің әкеңізді интернет арқылы көріп білдім. Интернет былай деп сайрап тұр: «Қазбаев Қоңыр – 1896 жылы жылы туған. Әйелі Қазбаева Жұбатқан – 1916 жылы туған. Германияның Гарновер қаласындағы Шаталаг УІС концлагері, тұтқын. №47009 . Өлген жылы 1943 жылы 19 мамыр деп жазылып, суреті қосы беріліпті.
Марқұм анам айтып отырушы еді. Әкеңнің өлі – тірісі туарыл, ең болмаса «хабарсыз кетті» деген де бір ауыз хабар да болған жоқ дейтін. Мен әкем майданға кеткенде бір жарым жаста екенмін. Бірақ үмітсіз шайтан дегендей өмір бойы іштей күтіп жүрдім. Әкем суретінде өңі жүдеу, жүзі түнеріңкі, сақал мұрты, шашы өсіп кеткен, үстіндегі өзінің әскери киімі сияқты. Концлагерде үлкейтіліп жазылған тұтқындық номерінқолына ұстап отыр. Бірақ қалай қайтыс болғаны туралы жазылмаған.
Біразға дейін көзімнің жасы іркіліп, әкем тірліп келгендей болдым. Бір мал садақа жасап, әруағына бағыштап құран оқыттым. Сонау Германияға әкем жатқан жерді іздеп баруға өзім сырқатпын. Жасым кәзір 76 да.
Айтпақшы, Германияның каратсын қарап шықтым. Горновер Германияның бастысындағы шағын бір қала Лейна деген өзеннің бойында екен. Соғыс жылдарында мал шаруашылығымен, егістікпен шұғылданған көрінеді. Әкем Шетпедегі бұрын «Ұшқын» совхозында мал баққан.
Менің бір таң қалғаным, атысла да, асылса да, әрбір тұтқынға қысқаша бір өмірбаяны мен суретін қоса анықтамалық құжат жасақтау, оның мұрағатқа сақталуы, «Немецкая точность» деген мәтелдің тектен текке айтылмағаны.
Міне, менің өмір бойы күткен әкем туралы бар білгенім осы деп, Тілекбай Қоңыров ауыр күрсінді.
Аллаберген Қонарбаев
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Ақтау қаласы.