Тузелханова Айжан Кенжебековна

Д-енсаулық

Е-штеңе тең келмес

Н- ағыз

С-енің

А-лдағы

У-ақытқа

Л- айықты

Ы-ңғайланған

Қ-адамың.

Жоғарыдағы сөздер қандай керемет, өмірде ешқашан тура жолдан адаспауымыз керек. Әр қадамымызды ойланып басуымыз керек. Барлық жағдайлар қазіргі таңда, заман талабына сай болуда. Көптеген ғалымдар «Денсаулық не?» деген сұраққа дұрыс жауап, бере алған жоқ.  Ал менің ойымша, денсаулық ұғымына тоқтала кетсек, денсаулық бір сөзбен айтқанда баға жетпес құнды қазына. Денсаулық-жан мен тәннің саулығы.     Атамыз Мәшһүр Жүсіп  айтқандай: «Деннің саулығы-адамның деміне байланысты» - деген екен. Қазақ атам айтқандай бір дем ары, бір дем бері-кірген кезде қызыл қан болып кіреді, шыққан кезде қара қан болып шығады. Адамның бүкіл өмірі - осы деміне ілініп тұр. Мәшһүр атамның айтуы бойыншы: Адам демінің қуатты болуы үшін,яғни денсаулығы мықты адам болып, өмір сүруі үшін алты нәрсе керек екен.

  1. Таза ауа. Ол дегеніміз дем алғанда қызыл қанымыз яғни, оттегіміз, ол денені аралап шыққанда көміртегі болып шығады. Сондықтан біз ауасы тар, лас бөлмеде отырғанда басымыз айналады. Ол не себепті, себебі оттегі жетіспегендіктен. Сонымен қатар тазалықты да алып жүргеніміз жөн: қолды жиі-жиі жуып, айналамызды таза ұстаған абзал.
  2. Қозғалыс. Бұл жай қозғалыс емес, үстін қозғалыс, өсіп-өсіп отыратын қозғалыс. Адам өмір сүруі үшін қозғалуы керек. Денсаулығымыз үшін әрқашан таңертең тұрып жүгіріп,күнделікті қимыл-қозғалыс үстінде дамуымыз керек. Таза ауа,таза дем-нағыз денсаулығымызға керек дүние. Біз жалпы қазақ халқы “жалқау" халықпызғой, бүгінгі істі ертеңге қалдырмасақ жүре алмайтын. “Еріншектің ертеңі бітпес"-демекші,ерінеміз,сол небәрі 5 мин алатын жаттығуды жасауға ерінеміз. Сол үшін ешқашан, ерінбей алға қарай ұмтылу керекпіз!
  3. Жақсы тамақ. Ауру – астан демекші. Асымыздың құнарлығы ол біздің денсаулығымыздың басты кепілі. Сен қанша бай болсаң да, ешқашан өз табиғи жаратылған он екі мүшеңе тең келер ешбір дүние таппайсың. Денсаулық ол алланың берген ең үлкен сыйы деп білемін. Оны ары қарай күтіп сақтау өз қолымызда. Кезінде шіркін-ай ата-бабамның қасиетті қымызына,құрт-майына, тәтті шұбатына, тең келер ешнәрсе жоқ. Қасиетті қымыздың өзі - денсаулыққа керемет, пайда емеспе. Ал, қазіргі жастарымыз қытайдың ұсқынсыз сусындарына көп көңіл бөлуде. Мысалы Coca-Cola, Pepsi, Fanta т.б . Осы сулар шынымды айтсам бренд, тренд қой! Ех, осыларсыз той да өтпейді,туған күнде , жалпы мерекелік іс-шаралар өтпейді емеспе. Ал  бұл сусындардың адам өмірі үшін қандай қауіпті екенін білесіз бе?
  • Ия,ия әрине білесіз, біле тұра өз-өзіңізге қастандық жасаудан тоқтамайсыз.

Ата-бабамның қымызы, ол бәріне шипа, ем.

Сол үшін біз денсаулығымызды ең алдымен осындай заттарды тұтынудан аулақ болсақ. Сондай-ақ біз ең алдымен иммунитетімізді күшейтіп отыруымыз керек. Себебі: адамды ауруға шалдықтыратын вирустар өте көп. Тіпті, жүрген жерің вирус. Адамның иммунитеті неғұрлым күшті болған сайын, оның денсаулығы да, соғұрлым күштірек болады. Иммунитетімізді күшейту үшін біз ең алдымен, дұрыс тамақтана білуіміз керек, яғни денсаулыққа пайдалы, дәрумендерге бай тағамадарды таңдап жеген дұрыс.Деніміздің мықты болуы өзімізге байланысты.

  1. Көңілдің шаттығы. Біз қазақ халқы жалпы, түнеріп жүретін халықпыз. Адамның көңілінің шаттығы-ол өзінің психологиясына байланысты. Адам түнеріп жүруі арқылы, денсаулығына зиян келтіреді. Сол үшін, әрқашан бақытқа, шатыққа толы болуымыз керек.
  2. Ұйқы. Адамның дұрыс ұйықтауы-өмірінің сәтті өтуі. Біз ешқашан ақшам мен құптан уақытының аралығында ұйықтауға болмайтынын есте сақтаған жөн!. Ол денсаулыққа өте зиян. Жалпы адам баласы ерте жатып, ерте тұруы керек. Адам егер, ерте ұйықтап ерте тұрса онда, ол 300-400 гр жүдеп тұрады екен. Негізі ғалымдардың пікірі бойынша 110-120 жас аралығында өмір сүретіндердің барлығы аз уақыт яғни, 4-5 сағат қана ұйықтайтындар екен. Әдетте адам баласының ұйқысы 8 сағат. Бірақ, бірте-бірте ұйқыны қысқарту арқылы 4-5 сағат ұйықтауға да болады екен.
  3. Өкпе. Қазақ айтады: «Адамның өкпесі бөз, дәрісі-сөз» деген екен. Сондықтан біз ешкімге өкпелемеуіміз керек. Адам баласы жалпы, өкпе, реніш, қорқыныш, үрей деген нәрселерден аулақ болсақ, онда біздің деміміз қуатты болады екен. Осы қағиданың барлығын ұстансақ, онда біз салауаты жас ұрпақ боламыз.

Қазіргі таңда көп студенттер өмірінің тең жартысын ұйқыммен өткізуде. Сол үшін әр университеттің белсенді студенттері әр таң алдында, жатақхананың алдына, не болса универдің алдына қызықты әрі іш пыспайтындай етіп, түрлі қимылдағы билерді флешмоб  билетпеске, біз билеп те, салауатты өмір салтын ұстана аламыз. Бұны, универде ғана емес, жалпы білім беретін мектепте, колледжде, балабақша мекемелерде де қолдануға өте тиімді. Сен қандай игі іс істессеңде, ең алдымен практика тұрғысынан оны қызықты, көңілді жасай алуың қажет. Ал егер әлеуметтік желілерде (Facebook,Twitter, Instagram,  т.б ) отырудан жан салмаймыз. Неге біз технологияның артынан бара жатырмыз. Неге біз, сол әлеуметтік желілердің зиянын біле тұра өзімізге-өзіміз қастандық ойлаймыз?!

Неге? Неге ?-деп, бір өзіңізге сұрақ қойыңызшы?

Мен жалпы өмірде спорт саласында жүрген Геннадий Головкинді көрген сайын өз-өзіме күш-қуат пен энергия аламын. Ол кісі спорт саласында ғана емес, өмірде де солай секілді. Мен білетін Геннадий өмірде ешқашан екінші болмайды. Әрқашан бірінші болуға ұмтылады. Ешкімнен соққы жеген емес десем қателесермін,әрине ол кісі де адам баласы өмір болған соң жеңіс пен қатар, жеңілісте қатар жүреді.

Қазағымның бағы бар екен, осындай жанды бізге бақ, етіп бере салғанғой!.

Мен “салауатты өмір салтын” ұстанамын, спортпен айналысқанды жаным сүйеді, өзім рахаттанып аламын спортпен айналыссам.  Жаттығу жасап, жүгіріп жатқандағы тыпшылап тамған теріні, сөзбен айтып жеткізу мүмкін бе?!

  • Жоқ,әрине, оны мен сияқты істей білген адам ғана түсінеді. Біз көбіне қиындықтан қорқамыз. Керісінше, біз одан қорықпауымыз керек, себебі қиындық арқылы адам шыңдалады.

Аллаға шүкір, қазіргі таңда спорт саласындағы батырларымыз көбеюде, сол кісілердің арқасында Қазақстанымыз спорт жағынан өркендеп, көркеюде. Денсаулық – баға жетпес байлық деп, бекерден-бекер айтылмаса керек.  Алла тағала берген он екі мүшең сау болып, отбасың мен достарыңмен бірге бақытты ғұмыр кешу, барлық пенденің арманы шығар, сірә! Адамдарға жақсылық жасап, алғыс алудан шаршамайық! Сонда ғана біздің денсаулығымызда, көңіл-күйімізде жақсарып ғұмырымыз арта бермек!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated