Бектаева Ақбота Алмасқызы

«Салауатты» сөзінің мағынасы парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді. Ал өмір салты дегеніміз – әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалыптасқан өмір тіршілігі. Тәуелсіздік алғаннан бері салауатты өмір салтын қалыптастыру 1998 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде осы бағытта көптеген ізгі бастамалар мен жобалар қолға алына бастаған. Осы бағытта елімізде «Саламатты Қазақстан» (2011-2015), «Денсаулық» (2016-2019) бағдарламалары , «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі елімізде жүзеге асырылып, нақты индекаторларға қол жеткізу мақсатында жүзеге асырылып келе жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша «Денсаулық  дегеніміз — бұл аурудың немесе дене кемтарлығының жай ғана жоқ болуы емес, денелік, психикалық және әлеуметтік тұрғыдан ойдағыдай толық күйі». Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі болды . Олар:

Физикалық денсаулық-ағза жүйесі мен органдардың өсу деңгейі. Оның негізін морфологиялық және функциялық кезектер қалайды. Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.

Соматикалық денсаулық-ол адам ағзасы мен органдарының арасындағы биологиялық жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық бағдарламасы реттейді.

Психикалық денсаулық –ол адамның психикалық сферасының жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау, адам өмірінің мақсатын болжау, мұның бәрі биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктен туындайды.

«Өмір өлшемі» — салауаттық, салауаттық — өмір заңы.  Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық деп ойлаймын. Сондықтан әр адамның салауатты өмір ұстануы өз ерік жігеріне, өмірлік ұстанымдары мен қағидаларына, талаптарына өмірге деген көзқарасына, құлшынысына байланысты деп білемін. Себебі денсаулығымыздың 50-60% өмір салтымызға байланысты, ал медицинаға 8-12%, қоршаған ортаға 20-25%, тұқым қуалаушылыққа 20-23% байланысты екенін ескерсек әрбір адам міндетті түрде салауатты өмір салтын ұстануы тиіс деп ойлдаймын. Яғни дұрыс тамақтану (фастфуд, газды, тұзды, ащы тағамдарды шектеу) ішімдік , есірткі, темекі қолданбау, жеке бас гигенасын сақтау, стресстен аулақ болу, дене белсенділігімен үнемі шұғылдану, медициналық тексеруден уақытылы өту, әрбір адам алғашқы көмек түрлерін көрсете білу, дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі ағзаны шынықтырып қана қоймай, еркіндікке тәрбиелеп, өмірлік тонусты, жұмысқа деген қабілеттілікті арттырады (дұрыс ұйықтау, таңғы гимнастика, күнделікті серуендеу, физикалық жаттығу, жұмыс және демалыс).

Аталған әдеттерді күнделікті орындау арқылы әдетімізге, жағымды мінез-құлық қалыптастырып, салауатты өмір салтына ұстану арқылы денсаулығымыздың сау болуына, созылмалы және созылмалы емес аурулардың алдын алып, денсаулығымызды қорғаймыз. Сонымен қатар мына сәтті есте сақтау керек: өмірде жақсы табысқа жеткендер өзінің дарындылығына, жоғары еңбекке қабілеттілігіне, дұрыс ұйымдастырылған еңбек және демалыс тәртібіне сүйенген. Ата бабаларымыз айтқандай «Дені саудың – жаны сау!», «Ауырып жол іздегенше, ауырмаудың жолын ізде!» - дегендей қазіргі кезде әрбір адам дені сау болуы- сәнді деп ойлаймын.

Осы салада қызмет етуімнің  басты бір себебі де осы деп ойлаймын. Маған бұл сала өте күрделі және қызықты. Сол арқылы мен көптеген тәжірибе алмасу мақсатында семинар тренингтерге қатысып өз алған білімімді тәжірибе жүзінде қолдануға тырысамын. Осы орайда аудан халқымен жан – жақты жұмыстар жүргізіп, денсаулығын нығайтуға және аурулардың алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне 22 мақалам, біліктілікті арттыру бойынша  7 сертификатым, 9 мақтау қағазым  бар.  Болашақта тек осы саланың қарыштап дамуына өз үлесімді тигізіп, халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында аянбай еңбек етіп, аз да болса өз үлесімді қосамын деп ойлаймын. Ол үшін алға қойған мақсат міндеттерім бар:

*Халықтың санитарлық – эпидемиологиялық жағдайын жақсарту;

*Тұрғындар арасында қауіп факторының (ішімдік, темекі, дұрыс тамақтанбау, аз дене белсенділігі) төмендететін жаңа мінез – құлықтық ұстанымдарды қалыптастыру;

*Саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыру;

*Мектеп оқушыларына медициналық, профилактикалық көмек көрсетудің сапасын арттыру;

*ДДҰ жобалары бойынша «Саламатты қалалар», «Саламатты университет, «Саламатты жұмыс орны», «Денсаулық мектептері» жобаларын өз өңірімізде дамыту;

Қорытындылай келе данышпан Абай атамыз өзінің 28-қара сөзінде : «Ауруды жаратқан –құдай, ауыртқан құдай емес» деген екен. Яғни, құдай саған темекі тарт, ішімдік іш, нашақор бол, денсаулығыңды бұз деген жоқ. Әйел мен баланың денсаулығы туралы айтар болсақ, денсаулығы күшті, салауатты өмір салтын ұстаған аналар ғана өмірге дені сау  перзент әкеледі емес пе? Өйткені дені сау бала –біздің келешегіміз, қоғамымыздың тірегі. Әрине өмірге дені сау перзент әкелу бір жұмыс. Ал оны қоғамға жат мінездерден аулақ етіп тәрбиелеу екінші әрі өте жауапты жұмыс деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated