Баланы мектепке берерде қандай құжаттар керек?

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Дәл қазіргі уақытта еліміздің түкпір-түкпірінде мектепке дайындық қызу жүріп жатыр. Осы ретте, назарларыңызға ҚР Электрондық Үкіметі сайтында жарияланған соңғы өзгертілген Қазақстандағы мектепке қабылдау ережесін ұсынамыз.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының бірінші сыныптарына алты жасқа толған балалар және  ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады, яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар бірінші сыныпқа бара алады, себебі күнтізбелік жылдың соңына дейін олар толық алты жасқа толады және мектепке қабылдануға құқығы бар.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламасын жүзеге асырушы білім беру мекемелеріне қабылдау Үлгілік ережелерге сәйкес, бірінші сыныпқа қабылданушы балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінен өтінішті қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, Типтік ережелерге сәйкес, білім алушылардың даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша сыныптарды толықтыруға жол берілмейді, ал бір сыныптағы оқушылар саны 25-тен астам болуы тиіс емес. Баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері оқыту үшін кез-келген білім беру ұйымдарын таңдауға құқығы бар (бос орын болған жағдайда). Бастауыш білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын, барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, барлық жеті жастағы балалардың және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.

Балаларды бірінші сыныпқа алу үшін қажетті құжаттар келесідей: Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан); Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт); 3*4 см фотосурет (2 дана).

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау кезінде оқу орнының басшылығы түсушілер мен олардың ата-аналарын қабылдау ережелерімен, жарғы мен оқу үрдісін реттеуші өзге де құжаттармен таныстыруы қажет.

Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде (мамандандырылған білім беру ұйымдарынан, гимназиялар мен лицейлерден басқа) емтихан, тестілеу, сынақтар, байқау жүргізілмейді. Мектепке дейінгі мекемелерге бармаған және мектеп алды дайындықтан өтпеген балалар үшін, оқу жылының басына дейін дайындық курстары ұйымдастырылады. Мектеп алды дайындық міндетті түрде. Оны бірінші сыныпқа баратын барлық балалар қамтуы тиіс. Бұл мектеп алды сынып, балабақшадағы дайындық сабақтары немесе қысқа мерзімдік курстар болуы мүмкін.

Мекенжайын ескерместен балаларды байқау арқылы таңдау, жоғарғы дәрежелі үлгідегі мектептерде – гимназиялар мен лицейлерде қарастырылған. Мұндай іріктеуде бала ережеге сәйкес, бала өзінің оқу үрдісіне деген дайындығын анықтауға мүмкіндік беретін әңгімелесуден өтеді. Әңгімелесу бастауыш сыныптарының мұғалімдері, психолог және әлеуметтік педагогтан тұратын комиссиямен жүргізіледі.

Дереккөз: massaget.kz 

2 пікір

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated