Байлық алды денсаулық,

Одан кейін ақ жаулық,

Және керек он саулық, - дегені қалай терең айтылған. Осы сөздердің мәніне үңілсек, аз айтып көп нәрсені ұқтырады емес пе. Ұлы данышпандық көрегендік!

Денсаулықты жасыңнан күт деген нақылы бар. Халқымыз өз өмірін осы айтылған қағидаларына сай үйлестірген. Ішкен асы, сусыны құнарлы болған. Сонымен қатар, емдік шөптерді де өз орнымен пайдаланғаны белгілі: иман жапырақ, жалбыз, адыраспан, тағы да сан алуан өсімдіктерді қолданған. Салауатты өмір сүру қағидалар бастауының тарихы сонау тереңнен басталған.

Бүгінде осы өзекті тақырыбымыз күн тәртібінде маңызды басты мәселе. Елбасының осы мәселені көтеруінің мәні осында. Ел байлығы - халқы, адамы. Қоғамымыз гүлденіп, әлеуетті елге айналуының бірден-бір алғышарты - дені сау, білімді де, тәрбиелі ұрпақ өсіру. Салауатты өмір салтын ұстансақ қана бәрі мүмкін екені айқын. Өз денсаулығымызды сақтай отырып, өзгеге қамқор болу, салауатты өмір сүруге бейімдеу, білімімізбен бөлісе отыруымыз шарт.

Замана ыңғайына қарай түрлі індеттер, кеселдер пайда болды. Нашақорлық, ішімдікке, шылым шегуге құмарлық секілді тағы да басқа жағымсыз адам ағзасы мен психикасына теріс әсерін тигізетін, ауыр кеселдерге шалдықтыратын дүниелердің барлығы адам жанын қынжылтады.

Қоғамымызда үлкен кедергілер туғызып, үлкен алынуы қиын қамалдай болып жататыны белгілі.

Заманауи өзекті мәселелеріміздің бірі ол - қоршаған ортамыздың ластануы. Бұл мәселенің түп-тамырында сан алуан себеп көп, тіпті ары жағы саяси сипаттағы дүниелер де бар болып жатады.

Біздер ауамыздың саф таза, суымыздың мөлдір, топырағымыздың құнарлы болуына әрқашан күш салуымыз керек. Өз басым тілегімді Отан анам - қазақстаныма мына жүрекжарды жолдарға сыйғызуға тырыстым:

Көлім болсын айнадай,

Желек тұрсын жайнап-ай!

Тауым асқар шыңымен,

Шақырсын қолын бұлғап-ай!

Кең далам жатсын көсіліп,

Ақын төксін маржандарын көсілтіп.

Бақ қондырып, киелі нұр төгілтіп!

Салауатты өмір сүру ол -  халқымызды, ұлтымызды, елімізді аман сақтау. Тәні де, жаны да сау ұрпақ өсіру. Алмағайып заманда, қазіргі дәуір көшіне ілесе алу үшін, алдыңғы қатарда болу үшін салауаттылыққа зор мән беруіміз керек. Дүние жүзі бойынша бар халықтар ортасындағы өзекті мәселе осы. Денсаулық қадірін білген дана халқымыз әрқашанда салауаттылықты құптаған. Шу дегеннен-ақ дененің шыныққан болуына мән берген. Ұлттық спорт түрлері де осыған сүйене дамыды. Желаяқ жарысы, күрестердің әр түрі, аңшылық саятшылық, дойбы, тоғызқұмалақ, бәйге, көкпар т.с.с. түрлі қазақта терең мәнге ие.

Денсаулық арқылы рухани байлыққа қолы жететінін, адами құндылықтар мен игіліктер мүмкін болатынын білген халқымыз.

Бабаларымыздың ақ білегінің күшімен, ақ найзаның ұшымен қол жеткізген тәуелсіз, егемен еліміздің көк байрағын асқақтата желбіреткіміз келсе, салауатты өмір салтын сақтайық дегім келеді, достар!

Басты арманым - Қазақ елі, халқым бақытты, әлеуетті, бай қуатты ел болуы үшін, күш қайратымды сарқа отырып үлесімді қоссам деймін Қазақстаным, қазағым жасай берсін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated