"Егер АҚШ бұдан әрі Иранға қарсы қандай да бір әскери іс-қимылды тоқтатса, онда енді біз де мұндай әрекеттерге бармаймыз", - деді Тахт-Раванчи.
Иранның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Мажид Тахт-Раванчи Тегеранның АҚШ-қа қарсы тағы әскери соққылар жасай ма, жоқ па, соған қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ТАСС.
Ол барлық қадамдар Ислам революциялық күзет корпусының әл-Кудс арнайы күштерінің қолбасшысы Кассем Сулейманиге жасалған қастандыққа пропорционалды болғанын және оның аяқталғанын атап өтті.
"Егер АҚШ бұдан әрі Иранға қарсы қандай да бір әскери іс-қимылды тоқтатса, онда енді біз де мұндай әрекеттерге бармаймыз", - деді Тахт-Раванчи.
Дипломат Ислам республикасы БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес әрекет етіп, өзін-өзі қорғау құқығын қолданды дегенді де айта кетті.