Ажал әкелетін ауру: Қытайдағы вирустан қорғану жолдары

Қытайда қауіпті індеттен қайтыс болғандардың саны күннен-күнге көбейіп жатыр. Соңғы деректер бойынша вирус жұқтырғандардың саны 800-ден асып, 26 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта Қытайдағы коронаривус АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур, Гонконг, Аустралия елдеріне жетті.

Қазақстандық вирусолог Гүлмира Сәбитовадан бұл коронавирустың жаңа түрінің қаншалық қауіпті екенін және одан қалай сақтану керегін сұрап білді. Дәрігер вирустың алғаш рет 2012 жылы Сауд Арабиясында тарағанын айтады. Сол кезде бұл вирустан бір адам қаза тапқан дейді. "Соңғы жылдары бұл вирус аса көп таралып жатқан жоқ. Әдетте вирустың белгілері тұмауға ұқсайды. Жөтеліп, тұмауратады, кеуде қуысы ауырып, дене қызуы көтеріледі. Басты айырмашылығы - ауру ұзаққа созылып, өкпе қабынуы мүмкін. Яғни тыныс алу мүшелері зақымдана бастайды. Көбіне вирусты бүйрек жетіспеушілігі, диабет, өкпенің созылмалы ауруларына шалдыққан және иммунитеті төмен адамдар тез жұқтырады", - дейді инфекционист.

Аурудың алдын алу үшін мынадай шараларды қабылдаған жөн:

- үйді үнемі желдетіп отыру және таза ұстау;

- таза ауада серуендеп, қалыпты дене қозғалысын сақтау;

- массаж, дене шынықтыру, су процедуралары сияқты жалпы иммунитетті нығайтатын шараларға көңіл бөлу;

- салауатты өмір салтын ұстану; - бойды үнемі жылы ұстау;

- тыныс алу органдарының созылмалы ауруларынан уақтылы емделу.

 

Айта кетейік, бастапқыда кейбір дереккөздер мұны пневмония деп айтса, жергілікті дәрігерлер оны жоққа шығарған болатын. Дегенмен Қытай мұның жалпыұлттық эпидемия болып кетуінен қауіптенеді. Дәл қазір Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары елдегі жағдайды бақылап отыр. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Гонконг, Тайвань, Сингапур елдерінде қауіпсіздік мақсатында эпидемиологиялық бақылау күшейтілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated