Елімізде Наурыз мерекесі 9 күн тойлануы мүмкін

"Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты жанындағы "Рухани жаңғыру" орталығының жетекшісі Жанар Бұқанова ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Наурыз мерекесін өткізудің жаңа тәсілдері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бұл тек қазақстандық емес, халықаралық ерекше мейрам. Наурызды тойлауда терең тарихи, тарихи-мәдени мән жатыр, бұл рухани құндылықтарды жаңғырту. Сонымен қатар, ол қоғамдық маңызды рөл атқарады", - деді ол.

Жанар Бұқанова отбасы құндылықтары мен отбасы институтын нығайтуға бағытталған "Наурыз Шапағаты" атты тойлау тұжырымдамасын ұсынды.

Сарапшылар 14-22 наурыз аралығында 9 күндік іс-шаралар циклін өткізуді ұсынды, оның алтауы - дайындық:

14 наурыз - Көрісу (Амал) күні;
15 наурыз - Шежіре күні;
16 наурыз - Жайлау күні;
17 наурыз - Еріктілердің қатысуымен игі істер күні/дархандық күні;
18 наурыз - Шымырлық пен шеберлік күні;
19 наурыз - Зияткерлік күні;
20 наурыз - Жоралғы күні;
21 наурыз - Ұлттық тағамдар күні;
22 наурыз - Бұқара күні.

Көрісу мерекесіне ресми мәртебе беру ұсынылды.

"Наурыз сыйлық - тоғыз күні ішінде табыстауға болатын сыйлықтар. Сондай-ақ, қазақтың дәстүрлі киімін киюді ұсынамыз. Қазіргі уақытта Батыста кеңінен танымал біздің модельерлер мен неофолк, дәстүрлі киім-кешектеріміз Батыста өте танымал. Менің ойымша, бұл киімді күнделікті өмірде де киюге болады", - деді "Рухани жаңғыру" орталығының жетекшісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated