Үздік бестікте - Тайвань, Сингапур, Джерси аралы, Швеция және Дания, - деп жазады Tengrinews.kz.

Қазақстан тізімде Бруней, Бразилия, Армения және Мьянмаға есе жіберіп, 216 елдің ішінде (секундына 4,66 мегабит) 122-орынға ие болды. Есепке қарағанда, салмағы бес гигабайт видео жүктеу үшін Қазақстанда орта есеппен екі сағат және 26 минут қажет болады. Салыстырып көрсек, Тайванда орташа жүктеу жылдамдығы секундына 85 мегабит. Мұндай жылдамдықпен видео жүктеуге сегіз минут қана қажет.

Интернеті ең нашар елдердің қатарында Эфиопия, Түрікменстан, Мавритания мен Йемен бар, бұл елдерде жылдамдығы секундына 300 килобитке тең. Бес гигабайт видео 30 сағатта жүктеледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated