Қазақстан халқы бір жылда 21,7 пайызға көп кредит алған

Фото: dividend-center.com

Тамыздың соңындағы көрсеткіш бойынша, банк секторынан экономикаға кредиттер 13,05 триллион теңге болды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 0,8 пайызға көп.

Жеке тұлғаларға берілетін қарыз көлемі бір жылда 21,7 пайызға өсіп, қазір 6,01 триллион теңгеге жеткен. Өз кезегінде, жекелеген несиелеуде қарыздардың ең үлкен көлемін тұтынушылық сегмент қамтамасыз етеді: сектордағы несие бір жыл ішінде 29,1 пайызға, яғни 3,8 триллион теңгеге дейін өсті.

АТФБанктің сегментіндегі ең төменгі жылдық тиімді мөлшерлеме 17,2 пайыздан басталады. Екінші орында Bank RBK (18,77 пайыз), үшінші орында - ForteBank (24,6 пайыз).

Дереккөз: Tengrinews.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated