Қазақстан Президенті екі ел арасындағы тарихи тамырластық пен ортақ болашақ жайын атап өтті.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қазақстан мен Украинаның арасындағы саяси және сауда-экономика ынтымақтастығын одан әрі дамытуға дайын екенін және бұл бағыттағы мүмкіндіктің зор екенін айтты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бір-бірін өз мемлекеттеріне сапармен келуге шақырды.
Дереккөз: Tengrinews.kz