«Қаржылық сауаттылық отбасында басталады» онлайн жобасы аясында баспасөз конференциясы өтті

2021 жылдың 4 желтоқсанында «Жастар Үні» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарды оңалту және бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу» жобасы аясында пресс-конференция өтті. 

Іс-шараның мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметке қосу жүйесін қалыптастыру және дамыту, сотталған адамдарды әлеуметтік қоғамға қайтаруға дайындау, жазасын өтеп жатқан және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды еңбекпен қамтуға жәрдемдесу, әлеуметтік қызмет көрсету органдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалтудың нысандары мен әдістерін жетілдіру аясында атқарылған жұмыстармен көпшілікті таныстыру.

Шындығында, қылмыстық жазасын өтеген жастардың басым бөлігі бостандыққа шыққаннан кейін қабілеттеріне сенімді болмауы, қоғамға тез бейімделе алмай, жұмысқа орналасу мен баспана мәселесінде біраз қиындықтарға тап болатыны анық. Ал мұндай кезде қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарды оңалту және бейімдеу үшін психолог, заңгер, әр саланың мамандарынан көрсетілетін көмектің маңызы зор. Сондықтан да осы әлеуметтік жобаның аясында қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарға заңды психологиялық консультациялар, жұмысқа орналасуға әлеуметтік қолдау көрсету мен тұрғын үй алу мәселелері бойынша консультациялар беру ұйымдастырылды.

Нәтижесінде қылмыстық жазасын өтеген кемінде 500-ден аса жастарға құқықтық және психологиялық консультациялар өтті. Жобаның нысаналы тобы үшін тұрғын үй алу мәселелері бойынша кемінде 500-ге жуық консультация берілді. Қылмыстық жазасын өтеген кемінде 500-дей жастардың бейімделуіне мен әлеуметтенуіне қолдау көрсетілді.

Пресс-конференцияға бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар мен азаматтық белсенділер қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated